Эмбриолог Салтанат Байқошқарова "Қазақ үні" оқырмандарының сауалдарына жауап берді
2018 ж. 13 қаңтар
6362
6
Сәлеметсіздер ме, құрметті qazaquni.kz Ұлттық порталының оқырмандары! Салтанат Берденқызының осы порталда жарияланған сұхбатына қызығушылық танытқандарыңызға алғыс айтамыз. Алайда мақаланың астында пікірлер мен сұрақтар қалдырғандарыңыз жайлы жақында ғана портал редакциясынан білдік. Ең қызықты әрі маңызды деген сұрақтарға жауап беруді жөн санадық.
Құрметпен,
"Экомед" (Алматы) клиникасының директоры, Сымбат Ерғалиева
Айнур1 Сәуір, 2013, 12:50
Cалтанат апайымыздың бұл ерлігіне тәнтімін.Қаншама ерлі-зайыптылар бала ансап қол жеткізе алмай жүр.Сол армандарына қол жеткізіп,қуанышқа бөленіп жатқан отбасылар Салтанат апайдың көмегімен.Елімізде сәбилер көбейсін! «Адамның бір қызығы-бала деген» -шынымен де отбасы құрғасын балалы болу арман,Алла осы арманға жеткізсін!Адамның өмірінде қаншама қателіктер,тағдыр өтіп жатыр.Бірақ осы қателіктерді түзетуге болады деп есептеймін.
Жауап: Сәлеметсіз бе, Айнур! Жылы лебізіңізге рахмет! Айтқаныңыз келіп, сәби аңсаған әр шаңырақта баланың сылдыры естілсін! Біз бұған өз септігімізді тигізуге тырысамыз!
Батыр25 Маусым, 2013, 16:03
ЭКО-біз сияқты қаншама жандардың үміті.Бірақ мұнда өзің әрең ақша жинап келгенде жатар орынның жоқтығы қинайды.Сосын дәрігерлер сәтсіз аяқталғанда өзі қиналып тұрғандарға «болмады,кейін келерсіңдер»деп есікті тарс жабады.толық айтып түсіндірмейді де.Бір рет сәтсіз болды осы жолы АЛЛАМ жар болып ,жолымыз оңғарылса екен.Ақша бірақ өте-өте көп кетеді екен.Қаншама ауылда қаншама Армандаған отбасылар жете алмай жүр ғой?
Жауап: Сәлеметсіз бе, Батыр! ЭКО әдісі жоғары технологиялық әдіс болғандықтан оның бағасы да арзан болмауы заңдылық. Себебі, табиғи жолмен болмаған жүктілікке жасанды ұрықтандыру арқылы қол жеткізу оңайға түспейді. Бұл әдіс гинекология, андрология, эндокринология, эмбриология, генетика, психология сияқты медицина мен биологияның бірнеше саласының түйісуі. Және ылғи жаңарып отырады, яғни нәтижелілікті жоғарылату үшін, жаңа технологиялар мен әдістер, заманға сай құрал-саймандар енгізіледі, мамандар жүйелі түрде шетелде немесе шетелдік мамандарды шақыру арқылы білімін жаңартуы тиіс. Бұл ретте айта кететіні, ЭКО әдісі арқылы ем барысында қажетті қаражаттың айтарлықтай бөлігі шетелден келетін дәрі-дәрмектерге жұмсалады. Мысалы ЭКО әдісі 250-365 мың теңге шамасында болса, дәрі-дәрмекке орта шамамен 400-500 мың теңгеге дейін қажет болуы мүмкін. Оған қоса Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген міндетті тексерулерге 100-120 мың теңгедей қажет. Біз өз тарапымыздан дәріні аз беретін немесе табиғи циклдағы ЭКО, қалған материалды криоконвервациялау әдістерін "Экомед" клиникаларында енгізу арқылы және де міндетті тексерулер көлемін азайту туралы ұсыныстар жасау арқылы емделуді арзандатуға тырысамыз. Және де 2010 жылдан бастап мемлекет тарапынан да осы мәселеге назар аударылып, квоталар бөліне бастады. Яғни, емнен өтуге жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Сіздің сауалыңыз біраз уақыт бұрын жазылған екен және қай клиникада ем өткеніңіз жайлы ақпарат жоқ. Бұл жауапта Экомед клиникалар желісі туралы ақпарат берілген. Ол кезде Экомед клиникалары Алматы, Астана және Тараз қалаларында ғана болған. Алайда, басқа қалалардағы емделушілердің жолы, тұрғын үйі, уақытын үнемдеу және қажетті емге уақытылы жүгінуге мүмкіндік жасау мақсатында қазіргі уақытта "Экомед" клиникалары тағы да Шымкент, Атырау және Ақтауда ашылып, жұмыс істеуде. Ал енді ем нәтижесі туралы пікіріңізге тоқталатын болсақ, негізі, табиғи жағдайда 20 жастағы денсаулығы жақсы әйелдің 1 айда жүкті болу мүмкіндігі - 20%, 30-жаста - 10%, ал 40-жаста - 5% ғана. ЭКО әдісі бұл көрсеткішті 2 есе ғана арттыра алады. Яғни дүниежүзіндегі бірде-бір клиника бір талпыныстан 100% жүктілік болады деген кепілдік бере алмайды. Мамандар, әрине, емделуші сенім артып жүгініп отырған соң, қолдарынан келгеннің бәрін жасайды, алайда барлығы біздің құзырымызда емес. Мұны дұрыс түсініп, нәтижеге қол жеткізу үшін дәрігермен бірге, үміт үзбей нәтижеге қол жеткізгенше жұмыс істеу қажет. Осы орайда Европаның бір танымал ЭКО клиникасының ұраны орынды айтылған деп ойлаймын "Біз мұны оңай болады деп айтпаймыз, бірақ нәтиже соған тұрады". Сауалыңыз біраз уақыт бұрын ілінген екен, қазіргі уақытта армандарыңызға қол жеткіздіңіздер деген үміттеміз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Гулмира31 Тамыз, 2013, 02:06
Сәлеметсіз бе, Салтанат Байқошқарова. Мен сізді қатты құрметтеймін.сіздер сұрайын дегенім мен 4 жыл жақын тұрмысқа шыққалы бала көтере алмай жүрмін.менде гормондар бұзылған деди айлық белгім айына екі рет келеді және қалай қай кезде келетіні белгісіз.және сонғы күндерде жолдасыммен болған соң қан келеди не истеймин өтінемін көмектесінізщші гормондар емдеуге қанша уақыт кетеді және бала көтеу мүмкін бе.балалы бола алам ба.алдың ала рахмет
Жауап: Сәлеметсіз бе, Гулмира! Бізге хабарласып, өзіңізге баруға ыңғайлы қалаға (Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау, Тараз) дәрігер-репродуктологтың қабылдауына жазылғаныңыз дұрыс. Ары қарай Сізді қарап, тексергеннен кейін, дәрігер өзіңізге тиісті ем жолдарын тағайындайды. Толық ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыз: 8 800 080 02 20 (қоңырау шалу тегін), 8 702 872 22 44.
Раушан11 Қыркүйек, 2013, 21:40
Салтанат Байқошқарова салематсызба? мен сізден сұрайтыным күйеуінің ұрығы жоқ, тұрмысқа шыққаныма 7 жыл болды басқа доннор салуға болама соған неше ақша кететінін айтыңызшы
Жауап: Сәлеметсіз бе Раушан! Иә, "Экомед" клиникаларында аталық донорлық ұрықты қолдану арқылы жатырішілік инсеминация және ЭКО әдістері жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін, біздің бірыңғай байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 8 800 080 02 20 (қоңырау шалу тегін).
Айгерім13 Қазан, 2013, 10:56
Салтанаттәте салеметсізбе? мен күйеуге шыққаныма 7жыл болды баламыз жоқ жылда емделеміз. еш нәрсе жоқ. күйеуімнің ұрығының пайызы 35 ақ. екеумізде мектепте жұмыс істейміз. бізге квота беріледі ма? екеуміздің де қанымыз бір топта 1 топ положительный
Жауап: Сәлеметсіз бе, Айгерім! Бізге хабарласып, өзіңізге ыңғайлы қалаға (Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау, Тараз) дәрігер-репродуктологтың қабылдауына жазылғаныңыз дұрыс. Индивидуалдық тұрғыда дәрігер тиісті ем жолдарын тағайындайды.
Квотаға қажетті құжаттарды тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханадан ала аласыз. Толық ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыз: 8 800 080 02 20 (қоңырау шалу тегін), 8 702 872 22 44.
маусым15 Қазан, 2013, 22:26
Саламатсызба мен тұрмысқа шықаныма 3жыл болды бала жоқ тексеруден өттім трубка проходимый шубаровский жасады овуляция тест шығып тұр масаждан өттім енді не кедергі қан тобымызда әр басқа неге енді бала жоқ
Жауап: Сәлеметсіз бе! Себептер әр-түрлі болуы мүмкін, сондықтан жолдасыңызбен бірге репродуктолог маманның кеңесіне жазылғаныңыз дұрыс. Біздің бірыңғай байланыс орталығымыз: 8 800 080 02 20 қоңырау шалу тегін.
БАШЕНОВА АЙГУЛ3 Қараша, 2013, 03:13
Шынымды айтсам!маған мүлдем ұнаған жоқ,тек ақша алу
Жауап: Сәлеметсіз бе, Айгул! Қазақстанда қазіргі уақытта бедеулікті емдеумен 20-дан аса медициналық орталықтар айналысады. Қай клиникада болғаныңызды және қандай ем түрінен өткеніңізді жазбапсыз. Егер ЭКО әдісінің бағасы туралы болса, жоғарыда Батыр мырзаға жазған жауабымызды оқуыңызға болады.
Сагынай6 Қаңтар, 2014, 12:15
Кымбатты Салтанат апай Сізди құрмет тұтамын қазақтың Батыр қызы деп атаса да болады, сізбен кездесіп сөйлескім келеді, тұрмысқа шыққаныма бір жыл болды баламыз жоқ жолдасымның ұрығы жоқтың қасы. Емделуге болама? үміт бар ма?
Жауап: Сәлеметсіз бе, Сагынай! Әрине, үмітіңізді үзбеңіз, сіз қай қаладан хабарласып тұрсыз? Біздің бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қабылдауға жазылуыңызға болады.
Алтынай17 Қаңтар, 2014, 22:08
Менің жасым 38 жаста.Қызым 5 жаста3ЖЫЛ Ұздіксіз емделдім дәрігерлер ЭКО жасату керек дейді,менің жағдайым жоқ. Биыл жасға қарамай тексеруден өтіп Экоға квота алуға болады деген хабар есітіп қуанып қалдым,маған бере ма? Алтынай, Ақтөбе қаласы.
Жауап: Сәлеметсіз бе, Алтынай! Біздің Астана және Алматы қалаларындағы клиникалар квота бойынша ЭКО бағдарламаларын жүргізеді. Квота алу туралы толығырақ ақпаратты жергілікті поликлиника немесе Денсаулық сақтау департаментінен біле аласыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, біздің бірыңғай байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 8 800 080 0220 (қоңырау шалу тегін).
ӘМИНА17 Қаңтар, 2014, 22:23
менің ЖАСЫМ 43 жаста Жолдасымның спермасы аз деді дәрігерлер 12 жыл емделдік. Нәтиже шықпады Біздергі квота берема
Жауап: Сәлеметсіз бе, Әмина! Алдын ала бізге хабарласып, қабылдауға жазылғаныңыз жөн. Индивидуалдық тұрғыда, денсаулық көрсеткіштеріңізге байланысты, дәрігер-репродуктолог емдеу жолын тағайындайды. Біздің Алматы және Астана қаласындағы клиникаларда квота бойынша ЭКО бағдарламасы жүргізіледі. Квота алу жайлы тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханадан немесе Денсаулық сақтау департаментінен біле аласыз. Толығырақ ақпаратты көрсетілген нөмірлерге хабарласып ала аласыз: 8 800 080 0220 (қоңырау тегін), 87028722244.
Сабира25 Қаңтар, 2014, 10:45
Бір шаранаға жете алмай жүрген жандардың бірі менмін. Жасым 38-де. Жыл сайын үздіксіз емделем.Биыл жатыр түтіктеріне операция жасаттым ,нәтиже жоқ.Кейде өмірден түңілем.Бірақ үмітімді де шыңдап ,әлі де емделіп отырмын.Дәрігерлер тек киста шейки ,загиб деген диагноз қойды. Комектесіңіздер!
Жауап: Сәлеметсіз бе, Сабира! Қай қаладан хабарласып тұрсыз? Біздің клиникамызда өте білікті мамандар жұмыс істейді, үмітіңізді үзбеңіз, барынша көмектесуге тырысамыз. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өзіңізге жақын қаладағы клиникамызға дәрігер қабылдауына жазылып келіңіз. Байланыс орталығы: 8 800 080 02 20 (қоңырау шалу тегін).
Назым13 Ақпан, 2014, 11:17
Салеметсизбе Салтанат апай меним сурагым келгени турмыска шыккалы 3-жыл болды каралмаган жерим жок мен мен деген даригерлергеде бардым натиже жок трубканнан деген трубкамды тусирдим екеуи де жаксы проходимость бар деди неден екенин билмедик куйеуимди 60урыгы не истеймин шаршадым комектесинизши сизге жете алмадым
Жауап: Сәлеметсіз бе, Назым! Бізге хабарласып дәрігер-репродуктологтың қабылдауына жазылғаныңыз дұрыс. Ары қарай индивидуалдық тұрғыда дәрігер тиісті ем жолдарын тағайындайды. Қажет болса, алдын ала жазылып, Салтанат Берденқызының кеңесін ала аласыз. Толық ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыз: 8 800 080 02 20 (қоңырау шалу тегін), 8 702 872 22 44.
Назым13 Ақпан, 2014, 11:20
Салтанат апай сиздин адресинизди алуга болама?
Жауап: Сәлеметсіз бе, Назым! Біздің клиникалар Қазақстанның 6 қаласында орналасқан (Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Атырау, Ақтау). Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып өзіңізге ыңғайлы қалаға қабылдауға жазылыңыз. Салтанат Берденқызы сол қалада қабылдау жүргізгенде алдын ала хабарласып, шақырамыз.