Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтты
2018 ж. 11 қаңтар
4224
7
Кәсіпкердің айтуынша, ол өзге елде тұруға мәжбүр болған. Оның себебін желідегі парақшасында айтып өтті. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
«Достар, сіздер менің көп уақыттан бері шетелде жүргенімді байқаған боларсыздар. Қаңқу әңгіме тарап кетпес үшін оның себебін өзім айтайын. Мәселе мынада, КМобайл мен Бител бойынша бұрынғы серіктесім Ескендір Ерімбетовке қатысты мені тергеуге шақыра бастады. Ескендірді 2017 жылдың қараша айында ақша жымқырды деген айыппен құрықтаған болатын. Бірақ, менің ойымша, оны әпкесі Бота Жәрдемәлі Әбілязовтың заңгері болып жұмыс істегендіктен ұстаған секілді. Осылайша тергеушілер Бота Жәрдемәліден жауап алмақ. Бірақ бұл менің ойым ғана.
«Ал, жоғарыда айтқан қылмыстық іске келетені болсақ, мені қаржы полициясы тергеуге алды. Қылмыстық іске қатысты жоғарыда айтқан болжамымнан басқа ешнәрсе айта алмаймын. Менен кінәсіздігімді өзім дәлелдеп, қағаздар әкелуімді талап етті. Мен өзге ұйымдардан қағаз алу құқығым жоқ екенін айтып бақтым. Келісім 2002-2006 жылы жасалғандықтан, менде дәлел қағаздар жоқ.
Ағылшын сотында, Швейцария прокуратурасында, Лихтенштейн мен Қазақстанның сотында менен алып қойған қаражатты Альянс банкіне құйғанымды дәлелдегем.
Толығырақ айтатын болсам, мен 2002 жылы 12 млн долларға КМобайлды сатып алдым. Бұл кезде компания АҚШ-тың Моторолла компанисына 175 млн доллар, қазақстандық банктерге 62 млн доллар қарыз болды. Компанияның 220 мың абоненті мен қолданылған құрылғылары бар еді. Біз КМобайл-ды 425 млн долларға Ресей компаниясына саттық. Қазіргі уақытта компанияның қарызы 75 млн доллар. Абонент саны 670-ке өсті.
Ерімбетовтың офшорлы компаниясын 110 млн долларға сатып алды. Мен инвестор ретінде қатыстым. Оның артық қаражаты болған жоқ. Оның үстіне өзге мәселелерге байланысты Ақаевтың ұлы компанияны бізге сатты.
Компанияны өз бақылауымызға алған соң Қығызстанда тәртіпсіздік басталды. 2006 жылы Бител акциясының 51 пайызын 150 млн долларға саттық. МТЖ-мен келісім жасап, келесі жылы қалған акцияны сатып алатын болған. Алайда МТЖ бұл келісімді орындаған жоқ. Сондықтан біз сотқа жүгіндік.
Қайталап айтамын, екі компанияда тапқан ақшаны Альянс банкіне құйдым. Оны менен тартып алды. Мұның бәрін неге айтып отырмын. Бұл ашық хат немесе елбасыға жолдаған үндеуім емес. Біріншіден, менің жасыратыным жоқ. Екіншіден, елден не себепті кеткенімді айтқым келді.
Саясатқа бет бұрғым келмейді, оппозиция жағында да емеспін. Мен шетелде қалып, өз ісіммен айналысам. Қоғамдық жұмыстармен, саяхаттаумен, экологиямен айналысам. Қазақстанға өзім мен отбасыма еш қауіп төнбейтіні белгілі болғанда ғана барам. Елімде жауым жоқ. Қазақстанды жақсы көрем. Халқымды, дәстүрімді, мәдениетімізді жақсы көрем. Қолымнан келсе, көмектесудан аянбаймын. Әсіресе, шетелде бизнес жүргізем дегендерге қол ұшын берем. Құқық қорғау органдарына айтарым, Скайп арқылы жауап беруге дайынмын. Жоғарыда аталғандарды да жауабым ретінде алуға болады. Желіде достарыма алғысымды айтам», – деп жазды кәсіпкер парақшасында.