Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқаратын болды
2017 ж. 11 желтоқсан
3619
7
Мемлекет басшысы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы бүгін Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.
Шпекбаев II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» меркелік медальдарімен, сондай-ақ ведомстволық медальдарымен наградталған.
Ол бұған дейін аталмыш агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.