Қанша қазақ қызы қытайлықтарға тұрмысқа шыққаны белгілі болды
2017 ж. 29 қараша
5435
16
2008 жылдан бастап 2017 жылдың 10 қарашасына дейін елімізде 70207 аралас неке тіркелген. Қазақстандық 40908 ер азамат өзге ұлттың өкілін өзіне серік етсе, 29299 қазақстандық қыздар өзге елдің азаматына тұрмысқа шыққан, деп жазады «Ана тілі» газеті.
Осы деректерге нақтырақ тоқтала кетейік. 2016 жылы ер азаматтарымыз қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен неке қидырса, қыздарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан.
Ал биылғы жылдың 10 қарашасына дейінгі мәліметтер төмендегідей:
Тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар: Қытай – 41; Түркия – 126, Ресей – 786.
Керісінше, өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық ер азаматтар: Қытай – 39, Ресей – 912, ал Түркия елінің азаматшасымен неке қиылмаған.
Бұл ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміз бұдан да көп болуы мүмкін.