Қытайдағы БАҚ қазақтың жаңа әліпбиі жөнінде не жазып жатыр?
2017 ж. 13 қараша
6657
36
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Көрші елдегі маңызды жаңалық ретінде Қытай Халық Ресрубликасының Шинхуа сайты және басқа да ірі ақпарат құралдары 2017 жылы 1 қарашада хабар таратты, онда былай делінді:
Қазақстан Үкіметі тексеріп бекіткен латын графикасына негізделген қазақ жазуы әліпбиін жыл соңынан бұрын қолданысқа енгізіп, кириллица әліпбиінен қол үзбек. Жоспар бойынша, келер жылы жаңа оқулықтар құрастырылып, 2025 жылы үкіметтік құжаттарды толығымен жаңа әліпби бойынша дайындау іске асырылмақ.
Үкіметтің жазу реформасын талқылағанына көп жыл болды. Президент Н. Ә. Назарбаев 27 қазанда үкімет жарлығына қол қойды.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары қазақ тілінде араб жазуы негізіндегі төте жазу қолданылған, 20-40 жылдар аралығында латын жазуы негізіндегі қазақ жаңа жазуы қолданылған. 40 жылдардан бастап орыс тілі негізіндегі кириллица әліпбиі қолданылған. Совет одағы ыдыраған соң қазақ тілі Қазақстанның мемлекет тілі болды, орыс тілі мемлекет органдары мен жергілікті органдардың ресми тілі болып бекітілді.
Қолданыстағы кириллица әліпбиінде 33 орыс тілі таңбасы және 9 қазақ тілі таңбасы бар. Латын жазуында 26 таңба ғана бар. Міне, бұл латын әліпбиінің толықтырылу жағдайында ғана қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне анағұрлым сай келе алатынын аңғартады. Үкімет келер жылы оқытушыларды тәрбиелеу және жаңа оқулықтарды құрастыру жұмысын бастайды. Жаңа нұсқадағы латын әліпбиі қолданысқа енген соң Қазақстан - «Qazaqstan» деп жазылатын болады.
Кейбіреулер жазу реформасында «Совет одағы мен Ресейдің ықпалынан арылу» дейтін саяси мақсат бар деп отыр. Алайда Қазақстанның ақпарат дәнекері 30 қазанда Ресейдің бас елшісі Михайл Бочарниковтың сөзінен ситат келтіріп былай деді: Ресей тәуелсіз Қазақстанның алдағы уақытта мемлекеттік тілді латынға көшіру туралы шешіміне түсіністікпен және құрметпен қарайды.
Михайл Бочарников дәріптеп былай деді: Қазақстан үкіметінің позиция білдіруінше, орыс тілінің ресми тілдік орны ықпалға ұшырамайды, Қазақстанның орта мектептерінде орыс тілі «белгіленген тіл» ретінде оқытыла береді, Қазақстан үкіметінің басшылығы орыс тілін ел азаматтарының еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени басымдығы ретінде қарастырады.
Бұл хабар Шыңжаңдағы қазақша басылымдардың бірі «Іле кеші» газетінде Сенбек Әуесқанұлының аудармасымен 2017 жылы 7 қарашада жарияланып, жаңа әліпби төте жазу үлгісінде қоса берілді.
Сенбек Әуесқанұлы
Қытай Шыңжаң Құлжа қаласы