Қанат Ислам: Мен ешқашан өзге елге кетпеймін
2017 ж. 05 қараша
3139
6
Белгілі боксшы Қанат Ислам Маңғыстауда өтктен Шоқыр Бөлтекұлы атындағы бокс турниріне қонақ ретінде қатысты. Спорт додасы аясында сұхбат берген Қанат Ислам өзінің туған жерге деген ықыласын да білдірді.
Бұл туралы nehabar.kz сайты хабарлайды.
— Ата-бабаларымыздың осындай кең жерді қорғап, егемендік алып, тыныштық орнатып, ұрпақтарына аманаттап кеткені мен үшін үлкен бақыт. Егемендік, тыныштық болмаса бұл жарыс, жеңіс кімге керек шынын айтқанда? Кең пейіл еліміз, дархан көңіл даламыз, білімді елбасымыз, көтеретін көк туымыз бар. Сондықтан әркім әр салада қолынан келгенінше жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын. Ер азамат болғаннан кейін ол — азаматтық борышымыз. Мен өз елімнің намысын қорғап, көк туымды көтеріп жүріп шетелде жұмыс істегеніме қуаныштымын. Мен ешқашан өзге елге кетпеймін. Отбасым да, ұрпағым да, Алла қаласа, осы Қазақстанда өмір сүреді, - деді боксшы.
qazaquni.kz