Ж.Мәкіш: Биліктің әліпбиімізге реформа жасап жатқаны – үлкен ерлік!
2017 ж. 02 қараша
3290
15
Латын әліпбиіне байланысты соңғы кездері астарында әлдебір кекесін (нездоровый смех) жатқан посттарды оқып қалып жүрмін. Әсіресе мына орысша жазатын қазақтар орыстардың осындай әдетін іліп әкеткендей болып көрінеді. Оны өздері де білмей істеп жүрген секілді. Иә, жаңа қаріптің тағдырын шешуді ат төбеліндей топқа тапсырып қойған билік басында аздап здап қателік жіберіп алды. Бірақ оны мысқылдап, күлкіге айналдырғаннан не ұтамыз?! Біз айтсақ, әлі де жақсара түссе екен, жақсы бола түссе екен деп айтамыз. Не айтсақ та, астарында осындай тілеулестік пен жанашырлық жатыр. Ал енді оған артын ашып күлгендей болып, дарақылыққа барып жатқандардың қылығы маған ұнаған жоқ. Сын айтсақ та, орнымен айтайықшы, ағайын.
Қайта осындай ауыр жағдайда, құлдық психологиясы асқынып тұрған қоғамда биліктің мұндай реформа жасауға талпынып жатқаны – үлкен ерлік!
Жолымбет МӘКІШ
Qazaquni.kz