Банк қызметкерлері неге қазақ тілінде лайықты қызмет көрсетпейді?
2017 ж. 08 қазан
4982
18
Телефоным қуығы сыздаған балаша "шар" ете қалды. Жалма-жан құлағыма тоса қойдым. Арғы жақтағы дауыс:
- Здравствуйте. Вас беспокоит с Астанабанк.От вас поступил непринятый звонок. Меня зовут Гакку, - дей беріп еді, бергі жақтан мен:
- Біріншіден, мен сізге қоңырау шалғанда қазақ тілінде қызмет көрсету тетігін басқанмын. Астанабанк Ресейдің банкі ме? Екіншіден, Гəкку деген қазақтың аты ма, орыстың аты ма? Үшіншіден, Мұхтар деген атты иемденіп жүрген қай орыстың баласын көріп жүрсіз? Неге маған орысша сөйлейсіз? Менің орысша түсінетініме сенімдісіз бе? - деген сұрақтардың астына алдым.
Арғы жақтағы қыз кешірім сұрап, қажетті мəліметтерді қазақ тілінде жеткізді.
Мұхтар Жанұзақ, Фейсбук парақшасынан