Назарбаевтың курстасы: Елбасының атын есіктің аузына қойғанымыз дұрыс па?
2017 ж. 03 қазан
3706
5
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың курстасы Тельман Спаев Елбасы есімін әуежайға беру дұрыс емес деп санайды. Бұл туралы ол Қамшы порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Біз бір жылдары Елбасының еңбегін ескеріп, Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтергенбіз. Өткенде депутаттар Елбасының атын әуежайға беру туралы бастама көтергенін білеміз. Мен бұған шыны керек намыстандым. Әуежай, вокзал деген ол қаланың кіретін, шығатын есігі ғой. Елбасының атын есіктің аузына қойғанымыз дұрыс па? Осыған наразы болдым. «Заман» газетіне осы ойымды жаздым. Бұл сөзімді әркім әрқалай қабылдады. Біреулер «Мұның не? Оппозицияға кеттің бе?» деп жатты? Ешқандай да оппозиция емес, басқа емес. Елбасы саясатын қолдаймыз. Елбасының абыройын ойлаймыз. Бұл пікірім де сондай мақсаттан туған еді, - деді Т. Спаев.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 21 маусымында Үкімет қаулысымен Астана халықаралық әуежайына Н. Назарбаевтың есімі берілген болатын.