Димаш ешқандай тойда əн айтпайды - министрлер шақырса да...
2017 ж. 28 қыркүйек
7411
25
Қанатпен бұрыннан таныспыз. Бірақ, Димаштың даңқы шарықтап кеткеннен кейін кездеспеген екенбіз. Əңгіме əрине, Ұлы даланың ұлы жайында болды. Ойда жүрген біраз сауалдарыма жауап алдым деп ойлаймын.
Димаш ешқандай тойда əн айтпайды. Принцип солай. "Мəдениет министрі өтінсе ше?" деген сауалыма "Ол кісінің өзі солай болу керек деп есептейді" деп жауап берді. Дұрыс екен!
Біз мұнда қазақ тілін қалай үйренеміз деп жатқанда Димаштың қытайлық фанаттары қазақша хат жаза бастапты. Өйткені, ағылшын, қытай тіліндегі жазбаларына жауап болмаған.
Үйдегі үшеудің үлкені - Димаш. Ата-əженің баласы екені де рас. Əлгі кісілердің қойнында төсекке сыймай қалғанға дейін жатқан. Қалған екеуі де солай.
Қанаттың өзі Димаштың шетелдегі концерттерінің бəрінде бірге жүруге тырысады. Қазір өзінің жеке дыбыс жазу студиясының жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фейсбук парақшасы