Серік Ахметов бостандыққа шықты
2017 ж. 21 қыркүйек
2689
6
Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы колонияда жазасын өтеген Ахметовті түрме алдынан журналистер күтіп алды.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Серік Ахметов әр жылдары Қарағанды облысының әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министр қызметтерін атқарды.
«2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов бостандыққа шықты, оның үкімі жазасын шектеуге ауыстырылды», – деп хабарланды соттан.
Енді экс-шенеунік қалған жазасын үй қамағында өтейтін болады.
«Барлықтарыңызға рахмет. Мен демалуға үйге кеттім», – деді колониядан шыққан Серік Ахметов.