Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында қазақ әліпбиін латыншаға көшіру мәселесі қаралды. Отырыста баяндама жасаған Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталықтың директоры Ербол Тілешов латыншаға көшудегі қазақтың төл дыбыстарын қолдануды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz.
Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады
2017 ж. 11 қыркүйек
4429
31
«Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқасын жасап шықтық. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданлуы қиындық тудырмайды» - деді Ербол Тілешов.
Сонымен қатар ол орыс тілінен енген ц, ф, х, в қатарлы әріптердің де латын әліпбиінде қолданыс табатынын айтты.
«Жаңа әліпби нұсқасы негізінде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталық қызметкерлері және сырттан шақырылған тұрғындар арасында бірнеше рет апробация жүргізілді. Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдірді» - деді орталық директоры.