Серік Ахметов бостандыққа шығады
2017 ж. 06 қыркүйек
2808
3
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовті бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«21 қыркүйекте заңды күшіне енеді. Осыдан кейін ол бостандыққа шығады. Неліктен шығарады дегенге келетін болсақ, ол 159/18 колониясында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Келтірген шығынды толық өтеді» деді дерек көзі Today.kz тілшісіне.
Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде аудандық сот бес шенеунікке қатысты шешім шығарды. Сот жауапқа тартылғандарды 17 миллион 310 теңге көлемінде шығынды өтеуді міндеттеді.
2017 жылдың 29 сәуірінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен 4 шенеунік 17 миллион теңге көлемінде материалдық шығын талабын қанағаттандыру шешімі бойынша Қарағанды облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.
1 шілдеде апелляциялық сот алқасы сот шешімін еш өзгеріссіз қалдырды. Ахметов және 4 шенеунік елге 17 миллион теңге қарыз болып қалды.