Астанадағы қақтығыс: Қазақ жігіттерінің босатылуын талап етеміз!!!
2017 ж. 03 қыркүйек
29138
81
Кеше Астана қаласында жұмысшылар арасында қақтығыс орын алды. Соның салдарынан полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары Астананың бірнеше орталық көшелерін жауып тастады. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Оның сөзінше, құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (үндістер) арасында тұрмыстық келіспеушілік туындаған, оның соңы жанжалға ұласқан. Нәтижесінде, оқыс оқиғаға қатысы бар 8 азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Қалған азаматтар түсіндірме жұмыстарынан кейін босатылды.
Бүгін әлеуметтік желіде қоғам белсенділері құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек қазақ жігіттерін ғана қамап тастағаны туралы жазды.
- Нажраться на Құрбан Айт и завязать драку с оxранниками - верx наглости со стороны индусов, работающиx в Қазақстане. Қазақ жұмысшыларының күзетшіні қорғап шыққаны, үндістардың бір жерлерін айырып тастағаны - дұрыс іс-әрекеті деп санаймын. Тағы бір сұрақ: неге полиция тек қана қазақ жұмысшыларын қамап тастады, үндістар қайда? Жалпы бұндай қақтығыстан кейін үнді жұмысшыларын елімізден депортациямен шығарып тастау керек. Тағы бір байқағаным, біздің кейбір шенеуніктеріміз қарапайым xалықпен қазақша сөйлей алмайды екен. Ол үлкен проблема, себебі билік орыстілді, ал xалық - қазақтілді. Бұндай жағдайда бір бірін түсінбей жатады, - деп жазды Мұхтар Тайжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тағы бір белгілі қоғам белсендісі, саясаттанушы Айдос Сарым да тек қазақ жігіттерінің қамалуы қателік екенін айтты.
- Төбелес екі жақты болған болса, тек қара домалақтарды құрықтау қателік. Қол шапалақтау үшін де екі алақан керек. Олай болса жергілікті қарауылшыны ұрған үндіс пен оның доссымақтары да тұтқындалуы тиіс. Əрі қарай екі жолы бар: 1) сот үкімімен түрмеге жабу (ондағы қазақ жігіттері "Келін" сияқты үнді сериалын жақсы көрмейді деп кім айтты?) 2) ақшасын қағып, айып салып, елден депортациялап, ешқашан елге кірмейтіндей қылу. Үнділер енді қаланы араламай-ақ қойсын. Тұмсығының саулығын ойласа.
Еске сала кетейік, аталмыш оқиғаға байланысты ІІД елорда тұрғындары мен қонақтарын шиеленіс пен арандату оқиғаларынан барынша сақ болуы үшін артық пікір білдірмеуді, әрі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрады. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР ҚК 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілкке тартылатынын ескертті.
Қазақ үні