Вандалдар Мұқағали Мақатаев ескерткішіне анайы сөздер жазып кетті
2017 ж. 03 тамыз
5167
1
Алматы қаласында вандалдар қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың ескерткішін қорлады. Бұзақылар граниттен соғылған постаментте анайы сөздер жазып кеткен. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желтоқсан көшесіндегі саябақта демалушылар жасөспірімдердің ескерткіш айналасында көп жүретінін айтады.
«Бірде ескерткіштің үстіне шығып алған, мен ұрсып тастадым. Олар сөзіме құлақ асып, қашып кетті. Кім жазғанын білмеймін», — дейді қала тұрғындарының бірі.
Алмалы ауданы абаттандыру бөлімінің мамандары бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес дейді. Әдеттегідей бұзақылар мұндай әрекетке түнде барады.
Аталмыш ескерткіш осыдан 15 жыл бұрын орнатылған. Постамент ұзындығы үш метрге жуық.