Министр Қасымовқа полицейлерді әшкерелейтін материалдар көрсетілді
2017 ж. 01 тамыз
3156
0
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әшкерелейтін дәлелдер көрсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Ведомство басшысының жеке блогында қоғам белсендісі Антон Волков полицейлердің үстінен арыз түсірген. Антон Волковтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер еш ұялмастан ішімдіктермен кафелерде және мейрамханада, қымбат көліктерімен демалыс орындарында түсірілген суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап жатады.
"Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті қаншалықты сақтайтынын анықтау үшін "Вконтакте" әлеуметтік желісі сарапқа алынды. Осыған дейін жергілікті шенеуніктерге үйлену тойларында бөтен адамдармен суретке түспеуге кеңес берілген болатын. Павлодар облысының этика жөніндегі уәкілетті өкілі Юрий Фельдманның айтуынша, сондай іс-шаралардағы бөтен адам ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе радикалды топтың мүшесі болуы мүмкін. Салдарынан ол мемлекеттік қызметкердің басына проблема тауып беруі мүмкін", - деп жазған Антон Волков.
Сондай-ақ, қоғам белсендісі "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Служители Закона в Казахстане" альбомына сілтеме жасайды. Ол парақшада қолданушылар этикалық кодекстің нормаларын сақтамаған полицейлердің суреттерін жариялайды. Қасымов бұл мәлімдемеге жауап ретінде қазіргі уақытта Павлодар облыстық ІІД өкілдерінің қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланатын болады.