Олигарх Әлішер Усманов бүкіл ақшасын Өзбекстанға беретінін айтты
2017 ж. 24 шілде
6511
21
Алишер Усманов:
«Менің мұрагерім жоқ».
Ресейдің ең бай кәсіпкерлері арасындағы рейтингтің көшбасында тұратын олигарх қайырымдылыққа неге қаржы жұмсамайтыны туралы айтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы upl.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің мұрагерім жоқ. Себебі, балаларым жоқ. Менің барлық туыстарымның бүкіл жағдайы жасалған, олар менің мұрама зәру емес. Ақшамды қайырымдылыққа жұмсау мәселесіне келсек, Алла маған ғұмыр берсе, бұл туралы қатты ойланамын. Бірақ, міндетті түрде өмірлік маңызы бар қорларды құрамын. Бұл ғылыммен, өнермен байланысты қорлар Өзбекстанда, менің тарихи отанымда ашылады.
Бұл қорлар өзбек халқының болашағына, жастарына көмек көрсетуге бағытталады. Барлық ақшамды осыған беремін..."
- деді Усманов басылымға берген сұхбатында.