Елiмiзде iстердiң көбi орыс тiлiнде жүргiзiлiп, сот отырыстарының да орысша өтетiні жасырын емес. Baq.kz тiлшiсiнiң «сот процестерi нелiктен қазақ тiлiнде өтпейдi?» деген сұрағына Жоғарғы сот судьясы Ербол Рақымбеков «сот процесiнiң қазақ немесе орыс тiлiнде өтуi сотқа iстiң қай тiлде түсуiне байланысты» деп орысша жауап бердi.
Жоғарғы сот судьясы Рақымбеков Тіл туралы Заңды білмей ме?
2017 ж. 21 шілде
4033
7
«Сот процесiнiң қазақ немесе орыс тiлдерiнде өтуi сотқа iстiң қай тiлде түсуiне байланысты. Iс қай тiлде түссе, сол тiлде қаралып, процесс жүргiзiледi. Сотқа дейiнгi өндiрiс кезеңiнде, яғни сотқа дейiнгi тергеудiң басында сот өндiрiсiнiң тiлi таңдалады. Тiл процеске қатысушылардың пiкiрi мен өтiнiштерiнiң негiзiнде таңдалады. Осыдан кейiн iс соңында тараптар таңдаған тiлде айыптау актiсi рәсiмделедi. Сәйкесiнше, сотта iс толығымен сол тiлде жүргiзiледi. Сот өндiрiсiнiң тiлiн өзгертуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Егер сотқа дейiнгi өндiрiс барысында тiл өзгертiлсе, бұл барлық iстi қайта қарауға және қайтаруға негiз бола алады», - дедi судья республика судьяларының кеңейтiлген кеңесiнiң алдында берген сұқбатында.