Мемлекет басшысы Жақсыбековке зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге рұқсат берді
2017 ж. 19 шілде
2569
0
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін ұзартты, - деп хабарланған Ақорданың сайтында.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", — деп жазылған хабарламада.
Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президенті әкімшілігіне 2016 жылдың маусымынан жетекшілік етеді. Ол 1954 жылы 26 маусымда дүниеге келген.
qazaquni.kz