КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТТІ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАР КҮТІП ТҰР?
2017 ж. 19 шілде
3691
13
Соңғы жылдары Қазақстандағы жағдай қатты өзгерді, дейді алматылық саяси ғылымдар кандиаты Антон Морозов. Оның мақаласы ca-portal.ru сайтында жарияланыпты.
Ол былай дейді:
«Қазақстанда билік қалай ауысады? — деген мәселенің басы әлі ашық тұр. Соңғы жылдары Қазақстандағы жағдай қатты өзгерді.
Біріншіден, қазір Қазақстандағы элиталар арасындағы күрес қатты күшейген. Бірін-бірі түтіп жеуге дайын отыр. Сол себепті,
Қазақстанның келесі президенті үшін президент болу оңайға соқпайды.
Оған екі-ақ жол қалады: не бәрін осы күйінде қалдыруы керек, не саяси бәсекеге араласып, өзінің президент ретіндегі құқығы үшін күресуі керек.
Екіншіден,
келесі президенттің саяси салмағы, абыройы, былайша айтқанда, «авторитеті» бүгінгі «Ұлт көшбасшысының» тырнағына да татымайды.
Болашақ президент өзіне элиталар арасындағы бітімгердің рөлі бұйырса да, соған риза болуға мәжбүр болмақ.
Бірақ ол президенттің басты міндеті – элиталық топтардың байлығын қорғау, олардың меншік құқығына кепілдік беру болады!
Элиталар арасында қалыптасқан жағдайды өзгертуге, немесе бір топтың өзгелерден озуына жол ашуға мүлдем болмайды, әйтпесе, элиталар арасындағы онсыз да қазу тартыс одан сайын ушығып кетпек.
Элиталар арасында жанжал тумас үшін екінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «авторитетіне» жүгінуге мәжбүр болады,
Ұлт көшбасшысы деген мәртебесі бар Назарбаев осындай мәселелерге төреші болып қала бермек.
Қысқасы, екінші президент элиталық топтар арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалуы қажет. Бұл жағынан екінші Президентке аса күрделі түйткілдер мұраға қалады. Түйінді шорт кессе, елден тұрақтылық кетеді, оны байыппен шешуге де болады, бірақ Қазақстанда оған мүмкіндік беретін саяси құралдар жоқ.
Осылайша, екінші президенттің жағдайы қиын болғалы тұр. Ол екі шешімнің бірін таңдауы тиіс:
не бәрін осы күйінде қалдыру, не жеке басқа тәуелді биліктен күрделірек жүйеге ауысу.
Оның қайсысын таңдайтынын бір Құдайдың өзі біледі».
Дереккөз: kaz.365info.kz