КХДР соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені сырттай өлім жазасына кесті.
Экс-Президент өлім жазасына кесілді
2017 ж. 29 маусым
3348
3
Солтүстік Корея соты Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе мен Оңтүстік Корея барлау қызметінің басшысы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесті. Ресми Пхеньянның мәліметінше, Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасамақшы болған.
КХДР мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо 2015 жылы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасап өлтірмекші болған.
Оңтүстік Кореяның экс-басшысын өлім жазасына кесуге Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі, орталық прокуратура және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі келіскен.
Пак Кын Хе президенттіктен 2017 жылдың наурыз айында импичмент нәтижесінде кеткен болатын. Қазіргі таңда оның үстінен жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияларды жария ету сынды баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.