"Көтеріп тұр Қостанай Архимедті" - Торғайдың жас ақынының сыны өңірдің бас әкіміне ұнамай жатыр
2017 ж. 25 сәуір
9844
27
[caption id="" align="aligncenter" width="635"] Архимед Мұхамбетов[/caption]
Ақын Саят Әбеновті әлеуметтік желіні қолданатын қазақтардың бәрі тануы тиіс. Өйткені ол қоғамда келеңсіз жай көрініс бере қалса, бірден сол туралы өлең жазып, ғаламтор арқылы таратып отырады. Саяттың сонысымен елге танымалдығы артып жатыр.
Бірақ торғайлық ақынды жерлестері білдей бір облыстық газетте сынға алыпты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. «Қостанай таңындағы» «Шектен шыққан» атты мақалаға бас редактордың өзі алғысөз жазып, Қонысбай Әбілов, Әсия Беркенова, Айбек Қалиев сынды әріптес аға-әпкелері қол қойған.
«Бұған дейін де Саяттың өлең деп жариялап жүргендерін көзіміз шалып қалатын. Бірақ соңғы уақытта әлдекімдердің айдауына ерді ме, әлеуметтік желідегі қолданушылардың назарын аударғысы келді ме, белгісіз, әйтеуір көрінген нәрсеге «жыр» арнауды әдетке айналдырып кетті. Осы хат арқылы Саятқа тоқтау айтқымыз келеді.
Айналайын, Саят! Ақ пен қараны, өтірік пен шындықты, жақсы мен жаманды айыратын жасқа жеткен азаматсың. Сенің талабыңа тілекшіміз, өшкеніңді емес, өскеніңді қалаймыз. Арзан сөзге, жалған атаққа құмартпағаның абзал. Сыртта жүріп, ұзынқұлатан жеткен жел сөздерге еріп, елдің азаматтарына айып тағуың орынсыз.
Апат айтып келмейді. Бұл қазақ даласына келген бұл нәубет әкімдердің бет-беделіне қарамайтындығын баламыз білер дейміз» делінген олардың хатында.
Бұған қоса аталған газетте Торғай өңірінің көптеген ақсақалдары қол қойған «Торғайдың жайын бізден сұраңыздар!» атты хат та жарияланған.
Ал Саят Әбеновтің жерлестерінің бұлай өре түрегелуіне ақынның Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті сынаған мына өлеңі себеп болғаны байқалады: