Дүмше "Сабина келін" ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕУІН өзінің күштілігі деп санайды екен
2017 ж. 14 наурыз
5519
11
Жалпақ жұртқа «Сәбина келін» деген сайқымазақ атпен белгілі Нұртас Адамбай Фейсбуктегі парақшасында ана тілін білмейтіндерді қорғап, мұны өздерінің «артықшылығы» деп баға беріпті. Оқырмандарымызды бұл тақырып бей-жай қалдырмайды деген оймен, кері кеткен“келіннің” ойын Ресей тілінен түгел қотарып беруді жөн көрдік.
Адамбайдың желіде айтқан сөзін halyknews.kz порталы қазақшалап оқырман назарына ұсынды.
«Көбінесе өзімнің постымның астынан «Қазақша неге жазбайсың?» «Қазақша сөйле!» деген пікірді оқитын болдым. Жақында үлкен бір кісінің аузынан «бұл қазақтың жері! Қазақша сөйлеу керек!» деген сөзін естідім. Оның көзқарасында мені жерлеу емес, одан гөрі агрессия тұрғандай…Бұл постымда ана тілін қолдаушыларға жауап жазғым келеді.
Сіздер расымен-ақ қазақ тілін нашар білетін ұрпақ аспаннан түсті деп ойлайсыздар ма? Әйтпесе, көрмей, білмей, бір демде пайда бола қалыппыз ба? Кезінде қазақ тілінен гөрі орыс тілінде білім алудың сапасы артығырақ болғаны үшін де біз кінәліміз бе? Әлде, бұл мектептерді біз салдық па? Қазір бізді сынайтын шомбал жастағы адамдар ол кезде қайда қалды? Сіздер неге сол кезде қазақ мектептерін көп ету үшін күрсепедіңіздер? Қазақ тіліндегі кітаптар мен оқулықтардың сапалы болып шығуы үшін не істедіңіздер? Сіздер әлі күнге дейін тілді тәртіпке келтіре алмадыңыздар: әуежай, пялсяпе, ғаламтар ж.т.б деген не пәле?
Ия, келісемін. Әр азамат мемлекеттік тілді білуі тиіс. Бірақ ол жариялы түрде жазалауға айналмауы керек қой. «Күштесең сүйкімің кетеді» дейді. Кейбір «туған тіл үшін ұрандағыштар» қазақ бола тұрып, орысша сөйлегенді Отанын сатқан сатықндай көреді.
Сіздер алдымен адамның не туралы айтып жатқанына қараңыздар. Сосын, қай тілде айтқанына қарайсыздар.
Менің өмірім маған кез-келген тілден орыс тілін артық білетіндей етті. Мен осы тілге қарыздармын. Біздің құдіретіміз дәл осы «күшті тілді» білуде деп есептеймін.
Дәл осы мәселеге байланысты әртүрлі пікірге иммунитетім әлдеқашан қалыптасқан. Не істеу керектігін өзім білемін. Өз елімді, халқымды қалай жақсы көру – менің жеке ісім.
Бұл мәселені басқаша қабылдайтындар үшін уайымдаймын.
Соңғы уақытта Қазақстанды тастап кетуді жоспарлаған өте көп адамды білемін. Олардың арасында «тілді білмесең – тірі өліксің»дейтін көңіл-күйден қорқатындар көп.
Достарым! Бұл біздің ортақ Отанымыз! Біздің әрқайсымыз оған тек жақсылықтар тілейміз.
Бүгінде біздің елімізге бірлік керек! Әлемде не болып жатқанына көз салыңыздаршы. Алысқа барудың қажеті жоқ.
Неге біздерді «шала қазақ» және «таза қазақ» деп бөлуге тырысасыздар? Бұл алалау біздің мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің жауларына аса қажет. Қазір көпшілігіңіз байқаған шығарсыздар. Біздің қазақша сөйлейтін жастарымыз күн санап көбейіп келеді. Алматыдағы ескі алаңда Гәкку өткізген концертте 40 мың жастың қазақтілді әншілерге қосыла шырқағанын көзбен көрдім. Бұл керемет қой! Біз мемлекеттік тілімізді меңгерген жастарды өсіріп шығара алдық!
Бірақ бұл объективті себептерге байланысты өз уақытында туған тілін білмейтіндерге тас атуға айналмауы керек.
Мен өз елімді барынша қатты сүйемін, оның болашағы мен үшін бәрібір емес. Сондықтан, әртүрлі нәрсе бойынша халықты бөлуге қарсымын! Болашағымыз жарқын болады.
P.S. «Келинка Сабина» фильмінде басты кейіпкер ауылда біраз уақыт тұрып, қазақ тілін үйренетін курсқа өзі жазылады ғой. Бірақ оны ешкім мәжбүрлеген жоқ. Өзі солай шешті» дейді Н.Адамбай. «Қазақ тілін жұрт тезірек үйренсін десеңіздер, сол сияқты тілді үйренетін тегін курстар ашыңыздар. Іс жүзінде бұл мәселеде бейтарап емес екеніңізді көрсетіңіз. Ал мен осы курстардың жарнамасын жасап беремін. Кеттік па?» деп аяқтапты жазбасын.