Академик Сағадиев министр Сағадиев туралы не дейді?
2017 ж. 06 наурыз
4121
4
Өткен аптадан бері әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыға түскен тақырып - "Сағадиев реформасы" болды. Жоғарғы оқу орындарында мамандықтар даярлау классификаторының жаңартылған нұсқасына "қазақ тілі", "қазақ әдебиеті", "шығытану", "лингвистика" секілді бірқатар манадықтардың енбей қалу сөз болды.
БжҒМ-дағы біраз түйткілді мәселелер талқыға түсті. Министр Сағадиев сынның төпесінде қалды.
Қарша бораған сыннан соң үш күн дегенде Министр Сағадиев мырза бейнежазба жариялап, ондағы академиктердің "өтірікші" екенін айтты. Сөздерін жоққа шығарды.
Осыдан кейін, ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мырза Қазыбек Исаны "жалған қол ұйымдастырды" деп жала жапты.
Мәселе ушықты. Әлеуметтік желі белсенділері мен қоғамның сергек санала азаматтары Министр Сағадиев мырзаның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Ал министр бұған, "Назарбаев айтса ғана кетемін" деп отыр.
Ерлан Сағадиевті жұрт ілім саласына төтеннен келді дейді. Рас па? Министр Ерлан Сағадиев БҒМ тізгінін ұстамастан бір апта бұрын академик Кенжеғали Сағадиев ақсақал Елбасының қабылдауында болғаны белгілі. Арандату ойымызда жоқ, десе де осы бір жайт күдік тудыратыны жасырын емес.
[caption id="" align="aligncenter" width="683"] К. Сағадиев Елбасы Н. Назарбаевтың қабылдауында[/caption]Академиктің ұлы Білім және ғылым министрлігін басқарып отыр деген сөз - Ерлан Сағадиевтің білім саласына бөтеннен келмегенін аңғартса керек-ті.
Соңғы жайттарға қатысты Кенжеғали Сағадиев мырза не айтар екен деп, хабарластық.
"Айналайын балам, мен әке болған соң, менің пікірім обьективті болмай қалуы мүмкін. Менен де басқа пікір алатын адамдар бар ғой. Ал Мәмбет Қойгелді, Айгүл Ісмақоваларға келсек - олардың әрқайсысы өз пікірлерін айтуға құқылы. Айтсын. БжҒМ-дағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілім толады", - деп шорт кесіп, телефон тұтқасын қоя салды әке Сағадиев.
Нұргелді Әбдіғаниұлы