«Ия, мен отандық футболдың жетекшісі емеспін. Өтемұратовқа тиесі сайт Назарбаевтың жеңілгені туралы толассыз хабарлауда. Шынтуайтына келгенде, мен бұл циркке қатыспаған де едім», — дейді Айсұлтан Facebook парақшасында.
Айсұлтан, сондай-ақ, бүгінгі отандық футболдың тұтастай бір адамның ғана басқаруында екенін айтып, өзінің ешкімге федерацияға ие болу өтінішімен бармағаны туралы айтты. «Мен олар секілді емеспін! Мен үшін басты құндылық - намыс мен ұят», — деп сабақтады сөзін ол.
Саясатта коалициялар мен кландарға бөліну, қаржылық мүдделер туралы айтқан ол, өз сөзін - «Сіздердің келесі жүрістеріңіз - Айсұлтан Назарбаевты "Халық жауының баласы" деп атау ма?», - деп түйіндеді.
Ескерту: Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі аталмыш жазбасы 2016 жылдың 30 қарашасында жарияланған болатын.