Қазақстан қоржынына Азиаданың бірінші алтыны түсті
2017 ж. 21 ақпан
2130
0
Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бірінші алтынын жеңіп алды, деп сүйінші сұрайды Vesti.kz.
VIII қысқы Азия ойындарында алғашқы алтын жүлдені Қазақстан құрамасына шаңғышы Ринат Мухин салды. Ол 15 шақырымға жекелей сында үздік шықты. Отандасымыздың көрсеткіші 41 минут 25.3 секунд болды.
Күміс жүлдені бұл сында жапон жігіті Наото Баба алды. Қола болса екінші "күн шығыс" елінің өкілі Акира Лентингтің еншісінде кетті.
Аталған сайыста сынға түскен басқа отандастарымыздан Сергей Черепанов төртінші, Николай Чеботько бесінші, ал Ердос Ахмадиев алтыншы орынға тұрақтады.