Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскеріміз қашан қазақ тілінде сөйлейді?!.
2017 ж. 13 ақпан
4396
10
ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шекара әскері неліктен өз жұмыстарын РФ тілінде жүргізеді? Әлде сіздердің қызметтеріңіз сол мемлекеттің құзырына көшті ме? ҚР конституциясына сәйкес мемтіл, 22 жыл қазақ тілі екенін білмейтін сауатсыз ба, шекара әскері?
Мемлекеттік тілдің құқығын қорғауда принципті түрде өз дегенінде тұратын бір адам болса ол – Руза Бейсенбайтегі. Кереку тұрғыны. Керекудегі тіл білмейтін, тілді білгісі келмейтін талай мәңгүртпен алысып жүрген Рузаның қадірін анығында, әлі түсінбей жүрміз. Әрбір қазақ өзі тілі үшін дәл осы кісі сияқты күрессе, талайдың бетпердесі ашылар еді, - деп жазады 365info.kz.
Орысша ойлайтындар мен орысша сөйлейтіндердің бұл кісіні суқаны сүймейді. Жүрген жері дау дейді. Бірақ, бұл дауды орынды көтеретіні, құқығы тапталып отырғасын айтатынын ескере бермейді. Бұл жолы да солай болыпты. Ұлт жанашыры пойыздағы жолаушы тексерістері тек орыс тілінде жүретінін сынға алыпты және жөн айтып отыр. Біз аңғара бермейтін, қазақ тілі әлі тұмсық тыға қоймаған салаларда ресми тілдің дәурені жүріп тұр. Бұл туралы Руза Бейсенбайтегі өзінің желідегі парақшасында жазған екен.
Премьер министр Бақытжан Сағынтаевтың, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директоры генерал-майор Дархан Ділмановтың назарына! [caption id="" align="aligncenter" width="444"] Руза Бейсенбайтегі[/caption]
Мен…
оқтын-оқтын Павлодар – Өскемен бағытындағы пойыздармен жүремін. Бағытта 2 рет, шекарада орналасқан Ауыл және Шемонаиха стансаларында жолаушы тексерістері тек РФ тілінде!
Шамамен, 2 жылдай бұрын тексеріс жүргізетін жігіттерге: «Келесі жолы жолаушыларға — „мемтілде тексеріс жүргізбесеңіздер, құжаттарымды көрсетпеймін„, — дегенмін.
Қаңтардың 21-інде 376/375 Астана-Лениногор бағытындағы пойызда, сол жігіттердің бірі, «Документы приготовили …» деп, әйтеуір, орысша тексеріп келе жатты. Менің купеме (плацкарт, 0 вагон) келгенде ғана, «Здравствуйте», екінші кезекте «Сәлеметсізбе» деді. Мен, бірінші осы мемлекеттің тілінде амандасуы керек екенін ескертіп, және жылдар бойы тексеріс тек орыс тілінде жүргізіліп келе жатқанына наразылық ретінде құжатымды көрсетуден бас тарттым да, бастығын шақырттым.
Ұмытпасам, ол да бұрыннан тексеріп жүретін жігіт, келді де өзін толығымен орыс тілінде таныстырды. Тәуелсіз мемекет екеніміз шын болса, бұл заңбұзушылық. Одан оның үстіндегі басшысын шақыруды талап еткенімде (болғанды видеоға түсірдім) ғана, қазақша сөйлеп бастады да, бейнекамераға түсіретін адамды шақыртты және құжатыңызды көрсетпесеңіз, пойызды ұстап тұрамыз деді.
Ешкім кешігіп баруды қаламайды, сондықтан құжатымды көрсетуге мәжбүр болдым. 5-6 минөттей басыңызды төмен түсіріңіз, жоғары қараңыз, т.с.с., ұзақ уақыт қарады, құжатыммен салыстырып. Өмірімде бірінші рет сонша уақыт салыстырғаны…
Ашуланған түрлері
14.44-те пойыз жүрді. Бірақ бірнеше мин. кейін тағы тоқтады. Сол уақытта пойыз бригадирі келіп: «пойызды шекарашылар сіз үшін ұстап тұр, жолаушылардан сіз туралы түсініктеме алып жатыр» деді. Пойыз кесте бойынша 14.50 жүруі керек болатын, бірақ қазақ тілін талап еткенім үшін (оның алдында жылдар бойы), өштерін менен алып, пойызды кестесінен 24 минөт кешіктірді деп есептеймін. Және сонысын жуып-шаю үшін менің жанымдағы 2 жолаушыны менің көзімше маған қарсы түсініктеме беруге (жазуға) мәжбүрледі, мүмкін, басқаларына да сондай қысым жасаған шығар (ол жағын білмеймін), өйткені оларды жолсеріктер купесіне алып кеткен болатын.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Сәкен Әділханұлы, Дархан Айтқалиұлы!
ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шекара әскері неліктен өз жұмыстарын РФ тілінде жүргізеді? Әлде сіздердің қызметтеріңіз сол мемлекеттің құзырына көшті ме? ҚР конституциясына сәйкес мемтіл, 22 жыл қазақ тілі екенін білмейтін сауатсыз ба, шекара әскері?
Не қасақана мемлекетті, әлі күнге РФ боданы іспеттес көрсетіп отырған опасыздық па шекара әскері тарапынан? Сонда бұл әскер кімге бағынады? Шындықты ашып айтуды талап етемін.
Өз басыма келер болсақ, кері оралғанда, болашақта да, мейлі шекарашылар пойызды сөткелеп тоқтатсын, мейлі, күш көрсетіп алып кетсін, амандасудан басталатын тексеріс, бірінші мемтілде жүргізілмесе, құжаттарымды көрсетуден бас тартамын.
qazaquni.kz