Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады. Бұл туралы "Қазақ Үні" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы өзге жұмыс ауысуына байланысты ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босады", - делінген Президент сайтында.

Еске сала кетейік, Тасмағамбетов 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.