Елбасы жолдауының орындалуын Тасмағамбетов қадағалайды
2017 ж. 31 қаңтар
3469
12
Мемлекет басшысының кеше Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын үкімет тарапынан Иманғали Тасмағамбетов пен Асқар Мырзахметов қадағалайтын болады.
«Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға біз бүгіннен бастап кірісуіміз қажет. Қазір жалпыұлттық жоспар әзірленіп жатыр. Оған дейін мен жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмаларды беремін», — деді үкімет басшысы жиын барысында.
Сағынтаев жолдаудағы басым бағыттарды тізбектей келе өз орынбасарлары Иманғали Тасмағамбетов пен Асқар Мырзахметовке олардың орындалуын қадағалауды тапсырды.
Сондай-ақ, премьер-министр әрбір министрлікке жүктелетін тапсырмаларды ведомство басшыларына жеке-жеке айтып берді.
«Мемлекет басшысы Қазақстандағы үшінші жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттерін анықтап берді. Енді үкімет "Қазақстанның ұлттық-технологиялқ бастамалары" атты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеуі керек. Ұлттық экономика министрлігі дереу аталған жоспарды әзірлеуге кіріссін. Тимур Мұратұлы (Сүлейменов - Ұлттық экономика министрі), президенттің халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыруға бағытталған жалпыұлттық жоспарды әзірлеңіздер және қысқа уақыт ішінде мемлекет басшысы жарлығының жобасын үкіметке ұсыныңыз. Сонымен қатар, президенттің әрбір тапсырмасына жауапты тұлғаларды анықтап, олардың орындалуын қатаң бақылауға алу керек. Жалпыұлттық жоспарды біз 7 ақпан күні талқыға салып қабылдауымыз қажет. Біз қысқа ғана уақытта аталған тапсырманы орындап, барлығын жүйлендіруіміз қажет. Ендеше, іске сәт!» — деп сөзін түйді Сағынтаев.