Майлыбаевпен бірге ұсталған Галихиннің сепаратизмге қатысы болған ба?
2017 ж. 26 қаңтар
2897
2
Дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында сенсациялық хабарлама жарияланып, Қылмыстық Кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б.Майлыбаев және Н.Галихиннің ұсталғаны мәлім болды.
Ал 14-қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Бағлан Майлыбаев жайлы көп нәрсе белгілі. Бірақ онымен бірге тұтқындалған Николай Галихин жайлы ешнәрсе белгісіз.
Today.kz порталы жазғандай Галихин туралы мәліметтер желіде 2008 жылдары пайда болыпты. Ол кезде оның Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жиынға қатысқаны жарияланған.
Дегенмен әлеуметтік желіде Николай Галихинға қатысты өзге мәліметтер қырағы қазақстандықтардың назарынан тыс қалмапты. Әсіресе сырт келбеті Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі қызметкеріне өте ұқсас осы аттас адамның Одноклассники желісіне салған суреттері мен түрлі қызықты жазбалары көңіл аударарлық екен.
Қазақстанда тұратын Николай Галихин есімді адам осындай да мәліметтерді жиі таратып отырған.
Бұған қоса желі қолданушылары қызықты суреттерді тауып алыпты.
Сондай-ақ Николай Галихин "Новороссия (ДНР) және (ЛНР) фашисттерге қарсы» тобындағы жазбаларды «керемет» деп пайымдап, үнемі белгілеп отырыпты.
Еске салсақ, ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтерді заңсыз жинап, тарату және жария еткені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Дереккөз: Караван