«Ақ жол» партиясы Президенттің тарихи шешімдерін қолдайды
2017 ж. 26 қаңтар
2511
5
«Ақ жол» Демократиялық партиясы
Орталық кеңесі Президиумының
МӘЛІМДЕМЕСІ
«Ақ жол» демократиялық партиясы демократиялық реформаларды дамыту, билік органдарының халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, парламентаризм ұстанымдарын нығайту және Парламент өкілеттіктерін кеңейтуді табандылықпен жақтап келеді. Бұл міндеттер партияның Саяси бағдарламасында маңызды басымдықтар ретінде белгіленген. Сондықтан да «Ақ жол» демократиялық партиясы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуін қанағаттанарлық сезіммен қабылдады. Бұл Үндеуінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің бірінші 25-жылдығының саяси қорытындыларын шығарды, оның жетістіктері мен жас мемлекетіміздің алғашқы қиындықтарын еңсеру биліктің күшті президенттік тікелей басқаруымен қамтамасыз етілді. Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің жаңа тарихи кезеңіне кірерде Тұңғыш Президент өзінің қол жеткізілгенге сүйене отырып, қозғалысымыздың жаңа бағдарын айқындау дәстүріне адалдығын танытты. Оның Қазақстанның одан әрі қарай демократиялануына қатысты көзқарасы тек заманауи беталыстар және қоғамдық үдерістерге жауап беріп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын сақтайды және президенттік жүйенің жаңа форматы арқылы билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу жөнінде өкілеттіктерді Үкіметке беру; Парламент пен Үкіметтің өзара іс-әрекеттестігінің жаңа қисынын құру; Министрлер кабинетінің құрамын жасақтауда жеңіске жеткен партияның айқындаушы ықпалы, Үкіметтің депутаттар алдындағы есептілігін және атқарушы органдарға парламенттік бақылауды күшейту және басқалары – бұл бағыттардың барлығы Қазақстанның және біздің Тәуелсіздігіміздің одан арғы тағдырын ондаған жылдар бұрын айқындауға қабілетті кешенді прогрессивті көзқарастардың бастамалары болып табылады. «Ақ жол» демократиялық партиясы демократиялық институттардың нығаюына, парламентаризмнің дамуына және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеруге бағытталған Тұңғыш Президенттің тарихи шешімдерін пәрменді түрде қолдайтынын білдіреді. Парламенттік партия ретінде біз уақыт және Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері талап еткен бұл реформаларды табысты іске асыру үшін өзіміздің жеке жауапкершілігімізді сезінеміз. «Ақ жол» партиясының жүздеген мың мүшелері және біздің сайлаушыларымыз Елбасының бастамаларын талқылауға және егжей-тегжейлі пысықтауға, оларды өмірге іс жүзінде асыруға барынша белсенділікпен қатысатындығына сенімдіміз. qazaquni.kz