Назарбаев Астанада Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының алауын жақты (фото)
2017 ж. 25 қаңтар
2309
0
Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының алғашқы алауын жақты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Универсиада алауының алғашқы эстафетасы Астанадағы Назарбаев Университетінен басталды.
Алау жағылғаннан кейін шырақ 3,5 сағат бойы Астананы "жарықтандырып" тұрады. Шырақты ұстап жүрушілер онымен қаланың орталық көшелерін аралауда.
Алдымен алау Назарбаев Университетінен «Бәйтерек» монументіне жеткізіледі. Кейін "Бәйтеректен" оң жағалаудағы қалалық әкімдікке жол тартады. Эстафетаның ұзындығы 12 шақырым болмақ.
Алауды барлығы 60 адам алып жүреді. Олардың арасында боксшы Данияр Елеусінов пен Василий Левит, гір көтеру спортының шебері Әлібек Наурызбайұлы, джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева мен шахматшы қыз Динара Сәдуақасова бар.
Ертең, 26 қаңтардан бастап алау біртіндеп Қазақстанның өзге де қалаларын "жарықтандырады". Әр қалада шырақ жағылып, эстафета жалғасатын болады.
Шырақты Алматыға арнайы жолаушылар ұшағы жеткізіп, 29 қаңтар күні ол Универсиаданың ашылу салтанатында ортақ алау ыдысына біріктіріледі.
Универсиада алауы 22 500 шары метр жермен өтетін болады. Оның ішінде 200 шақырым жерді шырақ ұстаушылар бағындырмақ.