Зачаган кентінің әкімі Мемлекеттік тілде қойылған сауалға жауап бере алмады
2017 ж. 21 қаңтар
3467
11
Батыс Қазақстан облысындағы Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров халық алдында есеп беру кездесуінде тұрғынның мемлекеттік тілде қойған сауалына жауап бере алмады. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап "Қазақ Үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Аталмыш сұрақ ықшам аудан аумағын абаттандыруға қатысты болатын. Нақтылап айтсақ, Мұрат есімді жергілікті тұрғын ауданда ағаш егуге қыруар қаржы бөлініп, олардың күтіміне ешкім қарамайтынын алға тартқан еді. Соның салдарынан, бір жыл өтпей көшеттер солып қалады екен.
Зачаган әкімі болса, "қазақша жауап беріңіз..." деген тұрғынның өтінішіне құлақ аспай, Мемлекеттік тілде қойылған сауалға ресми тіл, яғни, орыс тілінде жауап берді.
— Мы знаем проблема существует, решим вопрос, — деді әкім.
Еске сала кетейік, Әділбек Қадыров бұл қызметке бір айын бұрын тағайындалған болатын.
qazaquni.kz