Қуат "Найман": Өз елімізде жүріп-тұрғанымыз үшін ақша төлеуге тиіспіз бе?
2017 ж. 09 қаңтар
3605
11
Жанкүйерге "Найман" деген лақап атпен танымал аралас жекпе-жек өнерінің майталманы Қуат Хамитов "уақытша тіркеу" мәселесімен келетіндерді "жер жастандыруға" уәде етті. Ол өз елінде еркін жүріп-тұру үшін не себепті ақша төлеу керектігін түсінбей дал.
Алматыдан 100 шақырым жерге шықсаңыз, мүлде басқаша өмір, жолдар 45-ші жылдан бері жөнделмеген. Жастар маскүнемге айналуда, адам өлімі мен ұрлық саны көбейіп жатыр. Бәрі аштан өлмес үшін қалаға қашуда.
Енді осылардан кейін адамдар өз елінде жүріп-тұрғаны үшін ақша төлеуі тиіс пе? Құдаймен ант етемін, егер маған біреу тіркелу мәселесімен келетін болса, мен оны сол жерде жер жастандырамын.
Қазақстан бүкіл әлем бойынша мұнай, ғаз, алтын, күміс, уран, мыс, тағысын тағы қазба байлықтарымен үздік бестікке енеді. Халық онсыз да соның игілігін көрмей келеді. Енді бәрін қойып, АЕК бойынша қарапайым халықты тонайын дедіңдер ме? "Алға Қазақстан" деп айқайлайтындар емес, халқының қиындықтарын сезе білетіндер нағыз патриот. Елімізде қанша мәселе шешілмей жатқанда, бұлар АЕК-ні ойлап тапты", - деп күйінді ол Instagram парақшасында.