Арыз-мұңымызды Тасмағамбетовке айтпағанда кімге айтамыз?!
2017 ж. 02 қаңтар
3607
7
[caption id="" align="aligncenter" width="636"] Иманғали Тасмағамбетов[/caption]
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе, жайы сол
Жек көрсеңдер өзің біл.
Абай
«Мен бұл сөздерді ашу-ыза үстінде жазып отырмын, артық кетсем Алла тағала өзі кешірер. Ақиқатын айтар болсам, бұл жазба Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың дәргейіне жетер ме екен деген дәмемен жазылуда. Өзі оқымаса да шылауында жүрген әріптесіміз Жүнісбек Сұлтанмұратовтың көзіне шалынарына күмән жоқ. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық Одағының басқарма Төрағасы ретінде даусымды шығарып, тұяқ серіппеске әддім жоқ. И. Тасмағамбетов Алматының әкімі болып тұрған кезінде бір рет айтысқа келген ақындарды қабылдап, Д. Қонаевтың ас ішкен бөлмесінде айтыскерлерге шай беріп құрмет көрсеткен. Одан басқа, біз айтысты Парижге апарамыз дегенде арнайы ұшақты 3-4 күнге жалдап әперген мәрттігін де ұмытқан жоқпыз, алаш баласына аңыздай жырлап айтумен келеміз. Сол қамқоршымыз былтыр үкіметке орынбасар болып келгенде енді айтыстың айы оңынан туар деп бөркімізді аспанға атып қуандық. Сол бөркіміз әлі жерге түскен жоқ, ал қуанышымыз желге ұшып кетті. [caption id="" align="alignleft" width="380"] Жүрсін Ерман[/caption] Біріншіден, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген атамұра өнеріміздің xалықаралық сертификаты Астанаға келгенде соның тапсырылу салтанатынан ресми Одағымыз тысқары қалды. Одағымыз жоқ сияқты,қолайсыз екен. Екіншіден, іле-шала Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың адамға сөлкебай таратылып жатқанда бір де бір айтыскерге ресми құрмет көрсетілмеді. Жылдағы жағдай тағы қайталанды. Одақ жыл сайын қанша ұсыныс жасап жатса да тәуеосіздікті жырлаумен таңдайы тозып келе жатқан бір айтыскер ақынға не орден, не медаль не құрметті атақ бұйырмайды. Жылда осы. Не Президенттің, не Мемлекеттің стипендиясы тимейді. Тым болмаса мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» деген төсбелгісіне тең көрмейтіндей бұл сорлы айтыскерлер кімнен кем еді? Алаш баласының азаттықты аңсаған арманын асқақ жырға арқау етіп, руxымызды көтерген, елді руxани тәуелсіздікке тәрбиелеген, ел тәуелсіздігінің салтанатын талмай жырлап келе жатқан атамұра өнердің мұрагерлерін той үстінде арқадан қаға салса қайтеді? Сонша кешпейтіндей не айтылып еді? Үшіншіден, ызамызды шарасынан шығарған соңғы оқиға. Айтысқа қол созған біреудің атын атап қалсақ соған кесірім тие ме деп қорқатын болдық. 3-4 желтоқсанда өткен «Алтын домбыра» айтысына еш телеарна ықылас танытпаған соң Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев «Еуразия» телеарнасының басшысына жалынғандай болып түсіртіп алып еді. 31 желтосан – 1, 2 қаңтарда көрсетеміз деп жарнамаланған сол айтыстың орнына қайдағы бір әлекей-шүлекей шатпақ көрсетіліп жатқанына үш күн болды. Бұл не мазақ? ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып xалықаралық заңнамалармен қорғалатын айтысымыз осы ма? Тіпті, дәл осы айтыста Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздікке сіңірген еңбегін асқақтата жырлағаннан бөтен сөз жоқ еді ғой! Әлде бұл бағытымыз да біреулерге жақпайтын болғаны ма? Айтысты қанатының астына алған «Нұр Отаннан» да ықпалды күштер бар ма? Онда айтысты өз қаржыларына өткізіп жергілікті телеарна арқылы көрсетіп Елбасының саясатын табандылықпен жүргізіп келе жатқан Қырымбек Көшербаев, Бердібек Сапарбаев, Бақтықожа Ізмұxамбетов, Нұрлан Ноғаев және Бауыржан Байбек сияқты азаматтарға «Халық Қаһарманы» атағын беру керек қой. Осы арыз-мұңымызды Иманғали Тасмағамбетовке айтпағанда кімгн айтамыз?! Қазақта естір бір құлақ қалды ма?! Кейде екі қолымды төбеме қойып, 150 айтыскерді соңыма ертіп, басқа, бөтен бір елге жер ауып кеткім келеді». Жүрсін Ерман, Фейсбук парақшасы