"ЖЫЛ АДАМЫ - 2016" анықталды
2016 ж. 19 желтоқсан
9289
10
ЖЫЛ АДАМЫ – 2016
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
«ҚАЗАҚ ҮНІ» ГАЗЕТІ МЕН «ҚАЗАҚ ҮНІ» ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫНЫҢ
ЖЫЛ АДАМДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!!!
«Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz ұлттық порталының 2016 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Сарапшылар алқасы биылғы 24-қараша мен 19-желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, sms, электронды пошта арқылы және qazaquni.kz порталындағы мыңдаған оқырманның ұсыныс-пікірлеріне сүйене отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жыл адамдарын» анықтады.
Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында «Жыл адамы» жобасы жасалған еді. Белгіленген уақыт аралығында qazaquni.kz порталындағы «Жыл адамы» таңдаулысына 10 000-нан астам оқырман кіріп, өз дауысын қалдырған болатын.
«Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz ұлттық порталының ұжымы барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, 2016 жылғы Жыл адамдарын назарларыңызға ұсынады:
Жыл мерекесі – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі
Жыл қуанышы – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның ЮНЕСКО бойынша аталған 150 жылдығы
Жыл жетістігі – Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне қабылдануы
[caption id="" align="aligncenter" width="607"] Бексұлтан Нұржекеев[/caption]
Жыл жазушысы – Бексұлтан Нұржекеев, 2016 жылы Әдебиет пен өнер саласы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылған «Әй, дүние-ай» романы үшін. Аталмыш романның жазылуына биыл 100 жыл толған 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісі арқау болды.
[caption id="" align="aligncenter" width="610"] Серік Тұрғынбекұлы[/caption] [caption id="" align="aligncenter" width="610"] Қасымхан Бегманов[/caption]Жыл ақындары – Серік Тұрғынбекұлы мен Қасымхан Бегманов. Серік Тұрғынбекұлы 2016 жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын шабытты атап өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордадағы «Конгресс-холл» сарайында ақынның шығармашылық кеші жақсы әсер қалдырды. Қасымхан Бегманов Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай жазылған «Алашорда аманаты» атты поэмасы үшін және Мұстафа Шоқайға арналған дастаны әдеби қауымның жоғары бағасын алып, ақын "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.
[caption id="" align="aligncenter" width="612"] Иманғали Тасмағамбетов[/caption]Жыл қайраткері – Иманғали Тасмағамбетов. "Мәңгілік Ел" монументі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Алматы облысы Талғар ауданындағы «Талхиз» ортағасырлық қалашығының сақталып қалуы үшін батыл шешім жасады және руханият саласында зор қайраткерлік көрсетті.
[caption id="" align="aligncenter" width="614"] Талғат Теменов[/caption]Жыл режиссері – Биыл ашылғанына 25 жыл толғанын еліміз ерекше атап өткен Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында сахналаған көрнекті режиссер Талғат Теменовтың "Аққудың көз жасы" драмасы өзінің тың шешімдерімен дараланып, халықтың жоғары бағасын алды.
[caption id="" align="aligncenter" width="609"] Айдос Бектеміров[/caption] [caption id="" align="aligncenter" width="606"] Әділ Ахметов[/caption]Жыл актері – Айдос Бектеміров пен Әділ Ахметов. Айдос Бектеміров «Құнанбай» фильмінде Барақтың рөлін сүйекті сомдағаны үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Әділ Ахметов "Анаға апарар жол" фильміндегі басты рөл – Ілиясты сомдағаны үшін халық ықыласына ие болды.
[caption id="" align="aligncenter" width="602"] Роза Мұқанова[/caption]Жыл драматургы–Роза Мұқанова. Ибраһим пайғамбардың жұбайы Сарраның тағдырына арналған «Сарра» драмасы 2016 жылы «Қаллеки» театрында сахналанып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
[caption id="" align="aligncenter" width="290"] Құралай Сәтмұхамбетова[/caption]Жыл сазгері – Құралай Сәтмұхамбетова. Ақын Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған "Ауылға барам" әні үшін. Сонымен қатар, биылғы жылы аталмыш әнге Мақпал Жүнісова мен Бауыржан Рахымбеков бейнебаян түсіріп, бұл ән елдің ыстық ықыласына бөленді.
[caption id="" align="aligncenter" width="595"] Геннадий Шиповских[/caption]Жыл депутаты – Геннадий Шиповских. Халық қалаулысы өзінің барлық депутаттық сауалдарын тек қазақ тілінде жолдайды. Ол сауалдары маңыздылыңымен ерекшеленеді. Әсіресе, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа қазақша депутаттық сауал жолдап, ал министрдің Ресей тілінде жауап бергені қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сондықтан да, қазақ тіліне деген құрметі үшін оқырмандардың басым дауысымен Геннадий Шиповских "Жыл депутаты" атанды.
[caption id="" align="aligncenter" width="603"] Мұрат Бақтиярұлы[/caption]Жыл сенаторы – Мұрат Бақтиярұлы. Мұрат Бақтиярұлының Сенаттың жалпы отырысында еліміздегі діни ахуалға қатысты көтерген өткір мәселелері отандық БАҚ пен халық арасында кең қолдау тапты. Сондай-ақ, Білім министрлігінің үштілділік туралы бастамасына дер кезінде көңіл аударып, Үкімет басшысына «үштілділік – тек министрліктің кезекті экспериментіне айналып кетпеуі керек» деп батыл депутаттық сауал жолдады.
[caption id="" align="aligncenter" width="587"] Нұрлан Ноғаев[/caption]Жыл әкімі – Нұрлан Ноғаев. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездескенде орыс тілінде сөйлесуден бас тартып, қазақ тілінде сөйлесуді ұсынды. “Біз Қазақстандамыз ғой. Мысалы, мен Нидерланд еліне барар болсам, қасыма голланд тілінде сөйлейтін аудармашыны ертіп апарамын, сондықтан, қазір қазақ тілінде әңгімелесуге мүмкіндігіңіз болмаса, келесіде қазақша сөйлесуге келісейік”, – деп, тойтарыс берді. Жақында ғана Атырау облысына барған Елбасы өңірдің экономикалық-әлеуметтік қуатына оң баға беріп, әлемдегі ең үлкен мұнай қоры бар Қашаған кенішін ашты.
[caption id="" align="aligncenter" width="597"] Тамара Дүйсенова[/caption]Жыл министрі – Тамара Дүйсенова. Үсітіміздегі жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі азаматтармен жұмыс істеу бойынша еліміздегі үздік мемлекеттік орган деп танылды. Сонымен қатар, биыл Астана «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 әлеуметтік нысан жөнделді.
[caption id="" align="aligncenter" width="604"] Камиль Муллашев[/caption]Жыл суретшісі – Камиль Муллашев. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» сурет циклі үшін 2016 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
[caption id="" align="aligncenter" width="570"] Серік Ақшолақов[/caption]Жыл дәрігері – Республикалық Нейрохирурги ғылыми орталығының директоры Серік Ақшолақов. Серік Қуандықұлына 2016 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылғалы 8 жыл ішінде Орталық Азия мен біздің елімізде бұрын-соңды қолданылмаған 60-тан аса жаңа технология енгізілді. Орталықта шамамен 30 мыңға жуық науқас емделді, 15 мыңдай операция жасалынды. Орталықта 93 дәрігер жұмыс істейді, оның 44,4%-ы – жоғарғы санатты. Дәрігерлер АҚШ, Италия, Швейцария, Австрия, Германия, Израиль және Ресейдің үздік клиникаларында тағылымдамадан өткен. Қазіргі уақытта дәрігерлердің көбі ағылшын тілін upper-intermediate деңгейінде меңгерген.
[caption id="" align="aligncenter" width="480"] Болатбек Оразбаев[/caption]Жыл айтыс ақыны - Болатбек Оразбаев. «Алтын домбыра-2016» ақындар айтысында Бас жүлде мен «Алтын домбыраға» қол жеткізе алмаса да, Болатбектің айтысына халық риза болды.. Қазылардың шешіміне қарсы болған халық «Алтын домбыраға» Болатбек Оразбаев лайықты деп санады. Елдің көңілінен шыққан айтысы үшін Болатбек аталмыш номинацияда жеңімпаз деп танылды.
[caption id="" align="aligncenter" width="573"] Оңалбек Аяшев түлектермен[/caption]Жыл ректоры – Оңалбай Аяшев. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институттың ректоры Оңалбай Аяшев ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп келе жатқан өз ісінің бірегей маманы. Биыл институтта рухани-шығармашылық шаралар көп болды. Еліміздің білім беру саласының өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін үздік деп танылып отыр.
[caption id="" align="aligncenter" width="467"] Рәтбай Мырзақұлов[/caption]Жыл ғалымы –Рәтбай Мырзақұлов. Физика саласындағы оның «Мырзақұлов теңдеулері» атанған теңдеулерін алыс шетел ғалымдары қабылдап зерттеуде. Thomson Reuters мәліметі бойынша әлемдегі ең жоғары сілтемеге ие 1% мақалалардың ішіне Қазақстан ғалымдарының 12 мақалалары кіреді. Соның төртеуі Рәтбай Мырзақұловқа тиесілі.
[caption id="" align="aligncenter" width="594"] Марат Тоқашбаев[/caption]Жыл журналисті – Марат Тоқашбаев. Журналистің өткір мақалалары жыл бойы БАҚ назарында болды. Жер, дін, ұлттық мүдде бойынша жазылған сын мақалалары халықтың үлкен қолдауына ие болды.
[caption id="" align="aligncenter" width="595"] Бауыржан Оспанов[/caption]Жыл меценаты – Бауыржан Оспанов. Спорт пен өнер саласына тұрақты түрде көрсетіп келе жатқан демеушілігі үшін.
[caption id="" align="aligncenter" width="604"] Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі[/caption]Жыл әншісі – Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі. 2016 жылы Қайрат Нұртас ән әлеміндегі жетістіктері үшін «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ал Төреғали Төреалы "Ұлы дала баласы" атты жобамен бүкіл елді аралап, концерт қойып шықты.
[caption id="" align="aligncenter" width="592"] Данияр Елеусінов[/caption] [caption id="" align="aligncenter" width="590"] Қанат Ислам[/caption]Жыл спортшысы – Қанат Ислам мен Данияр Елеусін. Қанат Ислам Алматыда қаласында ганалық боксшы Патрик Аллотейге қарсы өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетіп, кәсіби рингтегі 22 жеңісіне жеткені үшін. Данияр Елеусін 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында алтын медальге ие болған жалғыз қазақ спортшысы.
[caption id="" align="aligncenter" width="583"] Өнер қырандары[/caption]Жылдың шоу театры – «Өнер қырандары». Қойылымдары көрерменді бір жылатып, бір күлдіретін «Өнер қырандары» тобы елде етек алған, ұлттық салт-дәстүрді таптап, ұлтты жоюға ұмтылған «Салафизм» дертін сахнада өткір сынап, діннен адасушылықтың ауыр зардабын көрсетті.
[caption id="" align="aligncenter" width="602"] Берлин Иришев[/caption]Жыл диаспора үздігі – Берлин Иришев. Ресей Ғылым академиясына қарасты Еуропа институтының кеңесшісі, Париждегі «Parlink Consulting» компаниясының басқарушы серіктесі, әлемдік экономикаға қатысты тоғыз кітаптың авторы. Шетелге қазақ деген ұлттың азаматы қандай болуы керек екендігін, туған ұлтына деген сүйіспеншілігін сөзімен де, ісімен де дәлелдеп жүрген ол Иришев, сонымен қатар, Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығының президенті. Оның биылғы жылы отандық БАҚ-қа, соның ішінде «Қазақ үні» ұлттық порталына да берген сұхбаттары ең көп оқылған мақалалар санатында.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Атыраудағы жер сатуға қарсы халықтық митинг[/caption]Жылдың басты оқиғасы - Жер дауы
[caption id="" align="aligncenter" width="622"] Талғат Аян мен Макс Боқаев[/caption]Жыл батырлары - Макс Боқаев пен Талғат Аян. Атырауда өткен жерді сату мен жалға беруге қарсы халықтық митинг пен ұлт зиялылары мен елім деген ерлердің арқасында Үкімет жерді сату мен жалға беруге мораторий жариялады.
"ЖЫЛ АДАМЫ" таңдауына сайтымызда бір ай талқыланған мына сілтемедегі пікірлер негіз болғанын хабарлаймыз:
ЖЫЛ АДАМЫ – 2016: СІЗДЕР АНЫҚТАЙСЫЗДАР! http://www.qazaquni.kz/2016/10/24/59625.html
Барлық құқық қорғалған. Материалды көшіріп басу үшін міндетті түрде qazaquni.kz ұлттық порталына гиперсілтеме жасауыңыз қажет.
- Данияр Елеусінов
- Бексұлтан Нұржекеев
- Серік Ақшолақов
- қасымхан бегманов
- Жыл адамы 2016
- Мұрат Бақтиярұлы
- Айдос Бектеміров
- Рәтбай Мырзақұлов
- Нұрлан Ноғаев
- Макс Боқаев
- Жыл адамы
- Оңалбек Аяшев
- қанат ислам
- Роза Мұқанова
- Болатбек Оразбаев
- Тамара Дүйсенова
- Серік Тұрғынбекұлы
- Марат Тоқашбаев
- Әділ Ахметов
- Берлин Иришев
- Бауыржан Оспанов
- Талғат Теменов
- Талғат Аян
- Иманғали Тасмағамбетов
- өнер қырандары
- Геннадий Шиповских
- Құралай Сәтмұхамбетова
- Камиль Муллашев