Ерасыл Әубәкіровтің өлімі жайлы оқиға ғаламторды тағы шулатты. Бұл жолы желіге оның жүксалғышта жатқан мәйітін алғаш аңғарған сәт тарап кеткен. Бұл видео қаладағы көлік жуу бекеттерінің бірінің бақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Baq.kz 365info.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүк салғышта жатқан Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін алғаш аңғарған қорқынышты сәт желіде жүр (ВИДЕО)
2016 ж. 12 желтоқсан
6583
4
Жас жігіттің мәйіті Аян Мейірбаевтың әпкесі Айымның көлігінің ішінде жатқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, келіншек сол сәтте көлігінде «қорқынышты жүк» жатқанын әсте білмеген. Ештеңені сезбестен інісінен Lexus LX570 көлігін алған күйі көлік жуу бекетіне аялдаған.
Видеодан байқағанымыздай, көлік жуушы артқы жүк салғышта жатқан мәйітті көріп, қатты шошып кетеді. Айымның да есі шыққаны соншалық, көлікке қайта отыруға мұршасы келмей, көлік жуатын орыннан джипті мәйітті тапқан жігіт айдап шығарады.
Әрине, видеоны көріп, қанды қылмысты аңғарса да үнсіз қалған көлік жуушының әрекеті таңғалдырады. Неге құқық қорғау органдарына хабар бермеді екен деген сұрақ туындайды.
Айта кету керек, Айым Мейірбаева қайтыс болған студенттің мәйітін қала сыртына шығарып тастағаны үшін жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал мәйітті көмуге көмектескен екі азаматқа қатысты тергеу ісі әлі жалғасып жатыр.