Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваны сынап тастады
2016 ж. 09 желтоқсан
6596
3
Танымал жазушы, драматург Дулат Исабеков көкейін өртейтін мәселелерді жайып салып, тіпті «басын жұлып алса» да қандай жағдайға қатысты пікірін білдіретінін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
Олардың қатарында жазушы, драматург Дулат Исабеков те бар. Сахна төріне шыққан ол оңтүстік өңірі еліміздің ырыс-құты, қазақ тілі мен ел демографиясының алтын бесігін екенін атап өтті. Одан өзге Дулат Исабеков осыдан бірнеше ай бұрын ел ішінде қызу талқыланған мәселе – бала санының артуынан билік мектеп салып үлгермей жатқаны туралы жайтты назарынан шығармады.
«Өткен жолы бір адам бәлкім өсек пе білмеймін, «Біз мектеп салып үлгере алмай жатырмыз, баланы аз туыңдар» деп айтып кетіпті. Оны кім айтқанын айтпай-ақ қояйын бұл жерде, шіркін-ай, сол жиналыста мен болмадым ғой. Басымды сол жерде жұлып алса да: «Әй, оңтүстіктің әйелдері тумаңдар енді, мына кісі шаршапты ғой, мектеп салып үлгере алмай жатыр екен ғой. Күйеулері мен әйелдері екі жақта тұрыңдар, жоламаңдар бір-біріңе» деп айтар едім. Бір адамды екі адам қыла алмай жатқанда осындай мәселелерді естігенде күйіп кетесің ғой, жанып кетесің... Жерімізге өзіміз ие болу үшін санымыз 67 млн болу керек» деп ашынды жазушы.
Еске салсақ, тамыз айында сол кездегі вице-премьер Дариға Назарбаева Түркістан қаласына жасаған сапарында ОҚО тұрғындары халық санының көбеюіне сүбелі үлесін қосып отырғаны соншалық, мемлекет балабақша мен мектеп салып үлгере алмай жатқанын айтқан болатын.