Қуаныш Сұлтанов өзін сынаған адамдардың саяси мәдениеті жоқ деп есептейді
2016 ж. 28 қараша
3380
14
Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz.
Депутат осы күндерi әлеуметтiк желi айтылып жатқан сынның көңiлiне тиетiнiн жасырмады.
«Бұл әркiмнiң құқығы. Бiрақ саяси мәдениет болуы керек. Пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды. Қандай да бiр идея, ұсыныс үшiн адамдарға тiл тигiзген жөн емес. Оның пiкiрiмен келiспей-ақ қойыңыз, бiрақ адамды бiлмей тұрып, ол туралы неше түрлi айтуға болмайды. Бұл бiзде саяси мәдениет жеткiлiксiз екенiн көрсетедi», - дейдi ол.
Айта кетейiк, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.