Әзімбай Ғали. ӨЗІН СЫЙЛАЙТЫН ҰЛТ ӨЗГЕ ТІЛДІ АКЦЕНТПЕН СӨЙЛЕЙДІ
2016 ж. 23 қараша
3209
4
Қазақтар ағылшынша мейлінше акцентсіз сөйлеуге тырысады. Ал индиялықтар,пакистандықтар «пиджин-инглиш» сөйлеуге тырысады. Қытайлар қай тілді де өз акцентімен сөйлейді. Ал байғұс Қазақтар ғана- орысша да таза сөйлегісі келеді. Менің неміс әріптесім ағылшынша сөйлегенде акцентін жасырмайтын.Неміске "Сіз сөйлегенде бөтен акцентіңіз бар» деуге бата алмайтынмын...
Өзін сыйлайтын адам , ұлт өзге тілді міндетті түрде акцентпен сөйлейді. Кавказдықтар орысша әдейі қатты акцентпен сөйлейді. Оған олар құлдық санадағы қазақтар сияқты ұялмайды - қайта мақтанады. Демек, әлеуметтік желілерде ел қатты көтеріп жатқандай, өзге тілді, алдымен бірінші Орыс тілін міндетті түрде Акцентпен сөйлеуді ережеге айналдырайық!
Әзімбай ҒАЛИ,
Фейсбук парақшадан