Бүгін - Елбасы Ұлы көшке жол ашқан күн
2016 ж. 18 қараша
2016
0
Бұдан тура 25 жыл бұрын Елбасы шетелдегі қаракөз қандастарымыз үшін Ұлы көшке жол ашты. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды.
Ширек ғасыр бұрын атажұртын аңсаған ағайынның тарихи Отанына оралуына мол мүмкіндік туғызған тиісті қаулы қабылданды. Соған сәйкес, қандастарды құжаттандыру, әлеуметтік-дәрігерлік көмек көрсету, білім беру, тұрғын үймен қамту сынды мәселелер реттелді. Кейін құжатқа бірқатар түзету енгізіліп, көші-қон үдерісіне оң ықпал етілді. Нәтижесінде ширек ғасыр ішінде Отанына оралған бауырлар саны 1 миллионнан асып, Ұлы далада тамыр тартқан олар ел өміріне етене араласып кетті.