Қазыбек Иса. Павлодарда тоқтап қалған трамвайларға Рузаның қатысы жоқ...

Павлодарда  бірнеше трамвай тұрып қалды...    Бірақ бүған   қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтататын Рузаның қатысы жоқ...

  ruza_beysenbaytegi Павлодарда 1 мамыр көшесі бойында бірнеше трамвай тұрып қалып, «кептеліске» себеп болды, деп хабарлап жатты Қазақ радиосы Осы хабарды есіткендердің бәрінің көз алдында қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтатқан Керекудегі Руза Бейсенбайтегі елестегені анық... Шынында да бұл жолы күрескер қазақ қызының қала трамвайларының тоқтап қалуына еш қатысы жоқ...  Өйткені ол кеше Павлодардағы төлқұжат ауыстыру мекемесінде  қазақ тілінің неге жоқ екенімен айқасып келіп, енді бүгін қала көлігі толық қазақша қызмет көрсетуі үшін (жүргізушілер, кондукторлар) "Автокомбинат" деген автопарктің масқара шовинист қожайынын сотқа беруге  адвокат және қаржы іздеп жүр... Яғни, трамвайдың алдына шығып тоқтатуға уақыты жоқ. Керекулік намысы бар жігіттер болса,  облыстағы тілге байланысты бар шенеуніктің жұмысын жалақысыз жалғыз өзі атқарып жүрген Рузаға көмектеседі деп ойлаймын. Әйтпесе, Руза Бейсенбайтегі  қақаған аязыңнан да, аяздан да бетер жүректі қаритын Керекудегі кері кеткен шовинистер мен нигилистердің  суық қабақтарына  пысқырып та қарамайды... Ал трамвайлар аяздан қатып, тоқтап қалған... Руза бірақ  ешқандай аязға  тоқтамайды және оны ешкім тоқтата алмайды. Себебі  оның жүрегінде Тәуелсіздіктің оты лаулап түр..   Қазыбек ИСА qazaquni.kz   tramvay-pavlodar