Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті
2016 ж. 12 қараша
5008
3
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен IX «Медиа құрылтайда» шенеуніктерге «БАҚ-тан «тұмшаланып» жүретін уақыты өтті» деп ескертті деп хабарлайды Қамшы порталы.
Келесі жылы медиа нарық және оның қатысушылары туралы ақпарат жарыққа шығатынын ескерте кететінін ескерте кеткен Абаев: «Ештеңе де құпия емес. Біз қанша БАҚ бар екенін, қайсысы қай салада жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Біз де, сіздер де біздегі сан жағынан көп БАҚ-тың жартысы жұмыс істемейтінін немесе тек қағаз жүзіне ғана бар екенін білеміз», — деді.
Бұған дейін Қазақстанда түрлі мәселелерге байланысты журналистер шенеуніктерді, депутаттарды сөзге тарту үшін арнайы хат жазып, апталап күтетін.
Тіпті «ұстап алып жатса да» қаша жөнелетін шенеуніктер жеткілікті. Биылғы жылдың көктем айларында жер мәселесіне байланысты президент үн қатқанға дейін танымалы және аты-жөнін ешкім білмейтін депутаттар камерадан қашып жүрді.
Ал, Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов ылғи да журналистерден қашып жүретінімен танымал.