Арыстанбек Мұхамедиұлы Жаманқұлов үшін кепілақы төлеуге дайын
2016 ж. 03 қараша
2606
1
Арыстанбек Мұхамедиұлы кеше қамауға алынған Тұңғышбай Жаманқұловқа көмектесуге дайын деп хабарлайды NUR.KZ.
Белгілі болғандай, осыдан бір апта бұрын Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қаралағаны үшін кешірім сұрап, Астанаға арнайы ұшып келген. Министр болса, жасы 70-ке таяған қазақ өнерінің ақсақалын кешіруге дайын. Тіпті, кепілақысын төлеуден де кетәрі емес.
"Мен оған министр емес, адам ретінде көмектесемін. Оның мемлекетке келтірген шығынын өтеуге немесе сот кезінде кепілақысын төлеуге дайынмын", - деді Мұхамедиұлы.
Еске сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов мемлекетке 69 млн теңге шығын келтірді деген айыппен қамауға алынған болатын.