Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін
2016 ж. 27 қазан
3227
0
Алматылық атқыш Руслан Күлекбаев соттағы соңғы сөзін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мен кез келген жазаны сабырмен қабылдаймын. Мейлі өмір бойы түрмеде отыру керек болса да, өлім жазасына кессе де қабылдаймын. Менің айтарым, егер Алла қалауы болса, мен үшін тіпті шыбын екештің де жаны қымбат. Ал қалғаны жай ғана нәрселер", - дейді Күлекбаев.
Бұған дейін прокурор 10 адамды жер жастандырған Руслан Күлекбаевті өлім жазасына кесуді сұраған болатын.
Еске сала кетсек, Алматыда Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы 17 қазан күні басталған. Тергеу абақтысының өзінде өтіп жатқан сотта Күлікбаевпен қатар оның 5 бірдей сыбайласы да отыр. Тергеу мәліметі бойынша, олар құрған қылмыстық топ қару-жарақ сақтап, екі жылдан бері пәтер тонаумен де айналысқан екен.
Айта кетейік, Руслан Күлекбаев 18-ші шілде күні Алматыны дүрліктіріп, оның қолынан 8 полицей мен 1 шекарашы, тағы бір зейнеткер қаза тапқан еді. Ол қару-жарақты тонаудан бастап адам өлтіру және лаңкестік шабуылға дейінгі 9 бап бойынша айыпталып отыр.