Тоқтар Серіков: Қазақ тілін білмейтіндерді сахнадан қуу керек
2016 ж. 18 қазан
3065
3
Танымал әнші Тоқтар Серіков қазақ тілінде ән айтпайтын әншілерді сахнаны былғап жүргенін айтты деп хабарлайдыNUR.KZ. Бұл туралы әнші Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты.
“Олар ылаң өнерге келген, бұлар жұқпалы дерт, бұлардан тез арылу керек, тоқтату керек. Өнердегі барлық достарым, бұған шара қолдану керек деп жатыр, мен солардың ішіндемін. Тілін, дінін білмейтіндер – рухани мүгедектер”, – деді ол. Тілін білмейтіндерді емес, тілін білгісі келмейтіндерді қуу керек деді әнші.
Тоқтардың бұл сөзіне оның өнердегі әріптесі Талғат Жорабаев та қосылып отыр. Ол қазақша тілін бұрмалайтындарды адам санатына қоспайтынын айтты.
Ал Меруерт Түсіпбаева өнерде тіл жоқ деген қағиданы ұстанады. Ол тіпті қазақшадан басқа тілде ән айтудан бас тартқан шәкірттеріне еврей тілінде ән айтқызып қояды екен. “Орысша айта алмағаның не, орысша да еврейше де айтасың деймін мен. Оның қазақша ән орындағаны маған беш тиын”, – дейді Түсіпбаева.