Алматыдағы атыс: КҮДІКТІ КҮЛІКБАЕВТІҢ КӨПКЕ БЕЙМӘЛІМ ҚЫРЛАРЫ (ФОТО)
2016 ж. 15 қазан
3791
0
Qamshy.kz редакциясына хабарласып өзін Алматыда 18 шілде күні бірнеше полицейді өлтіріп, бірнешеуін жарақаттады декп айыпталып жатқан Руслан Күлікбаевтің досымын деп таныстырған азамат Күлікбаевтің бала кезінен кикбоксингпен шұғылданғанын, осы спорт түрімен айналысып жүріп біршама нәтижеге жеткенін айтады. Атын атамауды өтінген ол редакцияға Руслан Күлікбаевтың спортта жеткен жетістіктеріне айғақ болатын медальдар мен грамота, дипломдардың да суреттерін жолдады. Айтуынша, кикбоксингпен шұғылданған Р. Күлікбаевтің «Спорт шеберлігіне кандидат» деген атағы да бар екен. Русланның досы оның Алматыдағы қанды қылмысқа баруын түрмеде жүріп психологиясының бұзулыумен байланыстырып отыр.
Р. Күлікбаев 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1994 жылы отбасымен Тереңөзек кентінен Байқоңыр қаласына көшіп барған. Әкесі мен шешесі ажырасқан. Қазір әкесі Астанада тұрады, басқа отбасы бар. Руслан үйде алты ағайынды екен. Русланның алдында бір ағасы, бір әпкесі, үш інісі бар.
Естеріңізге салсақ, Р. Күлікбаев 2010 жылы 27 тамызда кісі тонағаны үшін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен шартты жазаға кесіліп, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны үшін Қызылорда қалалық сотының үкімімен алдыңғы жазасын қоса есептегенде үш жарым жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі.