ҮКІМЕТ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУІ ТИІС!
2016 ж. 02 қазан
4792
6
Үкімет отырысын біраз уақыт онлайн-режимнен көрдім. Күнделікті жұмысы барысы. Бірақ, министрлер бірінен соң бірі шығып орысша сөйлеп жатыр.
Қазақша амандасып, қазақша қорытындысын ғана айтады. Ал, негізгі баяндамалары - орыс тілінде. Слайдтары - орысша. Онлайн көріп отырғандардың бәрі "Неге қазақша сөйлемейді?" деп ашулы.
Қазіргі уақытта "орыс тілі ресми тіл" деген қате түсінік қалыптасқан. Қазақ-ау, қазақ тілі ресми тіл ғой. Осыны ұғатын күн жетті ғой! Сағынтаев, Тасмағамбетов, Мырзахметов - қазақтың үш үлкен азаматы Үкіметті басқарады деп интернеттің қуанғаны кеше ғана еді ғой... Сонда ел не үшін қуанды?
Қазақтың үлесі 70 пайызға жетсе де орысшадан неге құтылмай отырмыз?
Назарбаев пен Сағынтаев қашан билікті қазақшаға көшіреді?
Болат Мүрсәлім
Facebook-тегі парақшасынан