ҚАЗАҚ ЖЕРІ КІМДЕРДІҢ ҚОЛЫНДА ЖӘНЕ ОЛАР ЖЕРГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛДЫ?
2016 ж. 02 қазан
7389
115
Биліктің 25 жыл бойғы жүргізіп отырған «кемеңгер» саясатының арқасында Қазақстан жерінің басым бөлігі жемқорлар мен алаяқтардың қолына өтіп кеткен сияқты.
Осыдан біраз бұрын өмір бойы мемлекеттік қызметте келе жатқан әкім Сергей Кулагин өзінің жеке меншігінде 80 мың гектер жердің бар екенін жариялады.
Кейбір ақпараттарға жүгінсек Василий Розиновтың иелігіндегі "Иволга Холдинг" ЖШС 1,2 млн. (кейбір ақпарат бойынша 700 мың) гектар, Руслан Молдабеков иелік ететін «Қазэкспортастық Холдингі» АҚ 1 млн. гектар (Қазақстан бойынша жер көлемі бойынша Василий Розинов бірінші орында, Руслан Молдабеков екінші орында тұр дейді ) жерге ие болып отырған көрінеді.
Ал кейбір бұрынғы чиновниктер, қазіргі латифундистер түрлі жолмен ие болған жерлерін сатып та үлгергенге ұқсайды.
Мысалы, 2009 жылы Сергей Терещенко өзіне тиеселі жерді 5,5 миллиард теңгеге сатқаны туралы ақпарат жарияланды. Сатылған жердің көлемі және оның кімге сатылғаны қазірше белгісіз.
Бірақ, алдағы уақытта жерге қатысты осындай маңызды мәселелерге терең көңіл бөліп, үлкен зеттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек-ақ.
Жер мәселесін шешу үшін құрылған үкіметтік комиссия қазірше бір де бір мәселені шеше алған жоқ. Ол комиссияның жұмысы тамыз айының соңында бітуі мүмкін.
Сондықтан, бұл мәселемен «Алаш жолы» қоғамдық қозғалысының белсенділері шындап айналысуы тиіс деп ойлаймын.
Мақсат Ілиясұлы,