Қазақстанға қоныс аударған этникалық қазақтардың саны миллионға жетті
2016 ж. 27 қыркүйек
5093
11
1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млн-ға жуық этинкалық қазақ қоныс аударды, деп хабарлайды Ult.kz.
24 жыл ішінде этиникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдайларды жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп отырды. Бүгін қазақ диаспорасының өкілдері әлемнің шамамен 40 елінде өмір сүріп жатыр.
«1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млн-нан астам этникалық қазақтар келді, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мөлшерлеп талдау жасадық: барлық келгендердің 75%- ТМД елдерінің өкілдері және 25% басқа елдерден келгендер. Олар көбінесе Өзбекстан, Қытай және Моңғолиядан келгендер», - деді Мұрат Әбенов.
1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтар айына дейін тарихи Отанына 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақ келді, бұл жалпы еліміздегі халықтың 5,5% құрайды. Қазақстардың 61,6% Өзбекстаннан келді, 14,2% - Қытайдан, 9,2% - Моңғолиядан, 6,8% – Түркменістаннан, 4,6% - Ресейден және 3,6% басқа елдерден келді.
Оралмандардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды – 21,2%, Алматы облысында - 16,3%, Маңғыстау облысында - 13%, Жамбыл облысында - 9,4% және басқа аймақтарға - 40,1%. Этникалық қазақстардың ішіндегі еңбекке қабілеттілері 55,6%, 18 жасқа дейінгі балалар 39,9% және зейнеткерлер 4,5% құрайды. Еңбекке қабілетті этникалық қазақтардың ішінде 8,8% жоғары білімі, 20,6% – орта білімі, 60,8% - жалпы орта білімі бар және 9,8% – білімі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 24 қарашада Мелекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қол қойған болатын.